Қоғам

Ертең қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
Биыл Қазақстаннан 4 мың адам үлкен қажылыққа барады
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ертең, 28 маусым Шымкент қаласынан 189 адам қажылыққа аттанады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітовтің айтуынша, биыл үлкен қажылықтың уақыты 7-12 шілде аралығы деп белгіленді.
Қазақстаннан қажыға аттанушылар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтау қалаларынан тікелей рейстер арқылы Сауд Арабияның Жидда мен Мәдина қалаларына барады.
Олар осы төрт қаладан 28 маусым мен 3 шілде аралығында аттанып, 15-21 шілде аралығында елге оралады.
Биыл қажылыққа елімізден 4000 адам аттанады. Бірақ 65 жастан асқан қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды. Сауд Арабия осындай талап қойған. Қажылық науқанында қазақстандық қажыларға 14 туристік компания қызмет көрсетеді.
Бекжігітов салыстырмалы түрде алғанда еліміздегі қажылық бағасы әлдеқайда арзан екенін атап өтті. Оның үстіне осы жылы ҚМДБ бағаны төмендетуге байланысты көптеген шаралар қабылдаған. Олар да оң нәтижесін беріп жатыр.
Қазақстандықтарды қасиетті сапарға отандық Air Astana және SCAT, ал Сауд Арабиясы тарапынан FlyNas әуе компаниясы тасымалдайды.
Кұран - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Қажылыққа жаяу шыққан ер адам Маңғыстауға жетті
Жаңалықтар
0