https://sputnik.kz/20220627/aqmola-oblysynyn-akimi-milliondagan-tender-25792903.html
Ақмола облысының әкімі миллиондаған қаражат қарастырылған "тендер мәселесін" түсіндірді
Ақмола облысының әкімі миллиондаған қаражат қарастырылған "тендер мәселесін" түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Маржықпаев қарастырылған қаражат бюджетте қалғанын атап өтті 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T16:57+0500
2022-06-27T16:57+0500
2022-06-27T18:30+0500
өңірлер
ақмола облысы
әкім
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_0:0:3562:2004_1920x0_80_0_0_a34d74663b0e5fe57c4d7733d7329f80.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа "тролльдерге қарсы тойтарыс беруге" арналған 10 миллион (21,5 мың доллар) теңгенің тендері жайлы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Маржықпаев қарастырылған қаражат бюджетте қалғанын атап өтті. "Бүгінде бұл сатып алу орындалған жоқ. Қызмет ұсынушы мен шағым болған жоқ. Сондықтан оны конкурстан алып тастадық", - деп мәлімдеді өңір басшысы. Еске салсақ, біраз бұрын танымал ProTenge парақшасы "Ақмола облысы тролльдердің шабуылына тойтарыс беріп", әлеуметтік желіде өз беделін қорғау және жағымды жазбалар арқылы азаматтардың жүрегін жаулап алуға 10 миллион теңге бөлгенін хабарлады.Өңірдің оң беделін қалыптастыру үшін айына кемінде алты жазба қалдыратын блогерлерді тарту көзделгені айтылған. Алайда мемлекеттік аудиторлар бұл лотты көргендіктен, оны кері қайтарып алды. Бірақ сатып алу қайта жарияланып, БАҚ назарына ілікті.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893650_507:0:3187:2010_1920x0_80_0_0_472a726644b70434bd1615817d9ada15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, әкім
Ақмола облысының әкімі миллиондаған қаражат қарастырылған "тендер мәселесін" түсіндірді
16:57 27.06.2022 (жаңартылды: 18:30 27.06.2022) Маржықпаев қарастырылған қаражат бюджетте қалғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа "тролльдерге қарсы тойтарыс беруге" арналған 10 миллион (21,5 мың доллар) теңгенің тендері жайлы сұрақ қойылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тролль деген кім екені маған да қызық. Анығында, конкурсты біздің облыстағы ішкі саясат басқармасы жариялаған. Менің білуімше, 10 миллион теңге. Бұл тролльдерден қорғану емес. Негізінде, бұл біздің облысты насихаттау секілді қарапайым мәселелерді қамтиды. Бүгінде өзіміз жиі көтеріп жатқан ауылдық елді мекендер, спортпен шұғылдану мәселелері де бар", - деп түсіндірді әкім.
Маржықпаев қарастырылған қаражат бюджетте қалғанын атап өтті.
"Бүгінде бұл сатып алу орындалған жоқ. Қызмет ұсынушы мен шағым болған жоқ. Сондықтан оны конкурстан алып тастадық", - деп мәлімдеді өңір басшысы.
Еске салсақ, біраз бұрын танымал ProTenge парақшасы "Ақмола облысы тролльдердің шабуылына тойтарыс беріп", әлеуметтік желіде өз беделін қорғау және жағымды жазбалар арқылы азаматтардың жүрегін жаулап алуға 10 миллион теңге бөлгенін хабарлады.
Өңірдің оң беделін қалыптастыру үшін айына кемінде алты жазба қалдыратын блогерлерді тарту көзделгені айтылған. Алайда мемлекеттік аудиторлар бұл лотты көргендіктен, оны кері қайтарып алды. Бірақ сатып алу қайта жарияланып, БАҚ назарына ілікті.