Өңірлер

"Ы" болмайды: облыс әкімі Қосшы қалай өзгеретінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевҚосшы
Қосшы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
Әкімнің мәліметінше, қалада үш мектеп салынып жатыр
КӨКШЕТАУ, 27 маусым - Sputnik. Бір айдан кейін Қосшының қалаға айналғанына бір жыл толады. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елді мекен жаңа мәртебеге сай болуы үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.
Атап айтқанда, облыс басшысы алдағы оқу жылында Қосшыда "Ы" сыныбы болмайды деп сендірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімнің мәліметінше, қалада үш мектеп салынуда.
"Біз мектеп пен емхананы 15 тамызға дейін тапсырамыз. Екінші мектеп – жыл соңына дейін, үшінші мектеп – 2024 жылға дейін қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, біз бизнеспен тығыз жұмыс істейміз. Облыстық мәслихат депутаты құрал-жабдығы сапалы мектеп салды. Онда 600 бала оқиды. Бұдан басқа, Болат Өтемұратов қоры мектеп салуды бастайды. Бұл біздің қаламызға құны шамамен 8-9 миллиард теңгелік сыйлық болады", - деп хабарлады Маржықпаев Бурабайда өткен көшпелі брифингте.
Ол былтыр "Ы" сыныбы пайда болған кезде барлығы таңғалғанын атап өтті.
"Алдағы оқу жылында мұндай болмайды деп ойлаймын", – деп сендірді Маржықпаев.
Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет сарайын салу жоспары туралы айтылды.
Қосшыны облыстық маңызы бар қала деп жариялаған жарлыққа ел президенті былтыр 26 шілдеде қол қойған болатын.
Журналистің сұрағына жауап бере отырып, Ақмола облысының әкімі бірінші кезекте халықтың қарқынды өсуін атап өтті. Егер 2010 жылы Қосшыда 10 мың адам тұрса, бүгінде – 55-60 мың адам.
"Егер мұндай динамика жалғасатын болса, 2025 жылы 75-80 мың тұрғын болады", – деп болжады Ермек Маржықпаев.

Қосшы бюджеті

Әкім қаланың дамуына қанша қаражат бөлінетіні туралы есеп берді.
"Соңғы жылдары ғана 40 миллиард теңгеге жуық қаржы бағытталды. 2012 жылы бұл сома 2,5 миллиард, 2017-18 жылы – 6 миллиард, 2019-20 жылы – 7 миллиард болды. Биыл 11,5 миллиард теңге шамасында", – деп нақтылады Маржықпаев.

Газ мәселесі

"Біз Қосшы қаласын орталық газға қосуға жобалық-сметалық құжат әзірлеп жатырмыз. Биыл құжатты аяқтаймыз, құны шамамен – 5 миллиард теңге. Келесі жылы бұл жобаны іске асыруды бастаймыз", - деп уәде берді спикер.

Абаттандыру

"Бүгінде Қосшыда, өкінішке қарай, бірде-бір аллея, бірде-бір демалыс орны жоқ. Сондықтан біз облыстық бюджеттен шамамен 160 миллиард теңге бөлдік. Биыл салуды бастаймыз", – деді спикер.
Жаңалықтар
0