Өңірлер

Семейдегі көпірді тексеру үшін жапониялық мамандар келді

Семейдегі көпір - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2022
Жазылу
2001 жылы көпір салынғалы күрделі жөндеу жүргізілмеген
НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Семейдегі аспалы көпірді жөндеу мәселесін талқылау үшін ITOCHU Corporation және IHI Infrastructure System Co, Ltd жапониялық компания өкілдері келді.
Компания мамандары тексеруді орталық тасжолдың сыртқы жабынын кесуден бастауды көздеп отыр. Жабын мен байланыстырушы тораптардың жалпы жағдайын анықтау үшін көпір алты түрлі учаскеде тексеріледі. Жұмыс екі ай ішінде аяқталады. Алынған үлгілер зертханалық зерттеу жүргізу үшін Жапонияға жіберіледі.
Жапония мамандары кесіп, материал алу жұмысы көпірдегі қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етпейтініне сендірді. Олар су, шаң және құм түспеуін қарастырып, жаңа жабындармен алмастырылады.
Асфальт жабыны мен кабельдің жағдайын тексеру жыл соңына дейін жалғасады. Осыдан кейін жұмыс көлемі мен олардың күрделілігін анықтауға болады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды шығарылып, оның негізінде көпірді жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу көзделіп отырғаны хабарланды. Көпірдегі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетері, көпірді тексеру тегін жүргізіліп жатыр. Жапония үкіметі бұл мақсатқа қаржы бөлген. Себебі олар әлемдегі жапон компаниялары салған көпірлердің барлығына бақылау жүргізіп, қажет болған жағдайда одан әрі қолдау көрсетеді.
Семейдегі Ертіс арқылы өтетін танымал аспалы көпір 2001 жылы салынған. Негізгі аралықтың ұзындығы 750 метр, жалпы ұзындығы 1 086 метрді құрайды. Жобаны IHI Corporation атты жапон компаниясы ұсынған. 6 қозғалыс жолағы ескі көпірді де, ел ішіндегі және халықаралық бағыттардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Алайда көпір салынғаннан бері жеті жыл бойы жөндеу жүргізілмеуі жол жабынының тозуына алып келді. Жапония халықаралық даму банкі делегациясының келуі ғана қаржының бөлінуіне себеп болды. Бірақ қала бюджетінің аз болуы ұзақ жыл бойы көпірге күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік бермеді.
Ескі Семей көпірі де апатты жағдайда тұр. Ол тексеруге және шағын жөндеу жұмыстарын жүргізуге жиі жабылады. Бірақ көпірдің жағдайы әлі де сын көтермейді.
2021 жылдың желтоқсанында Семейде инфрақұрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жалпы құны 33,2 миллиард теңге болатын автомобиль көпірі салынады.
Жаңалықтар
0