https://sputnik.kz/20220626/onlayn-tauar-alayaqtar-aldanyp-qalmau-25774563.html
Онлайн тауар сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалмау үшін нені білу керек
Онлайн тауар сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалмау үшін нені білу керек
Sputnik Қазақстан
Бүгінде интернет сауда қарқынды дамып келеді. Өйткені онлайн дүкендердің артықшылығы көп: ақша мен уақыт үнемделеді, тауардың түр-түрін ұсынады, түрлі акциялар... 26.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-26T16:59+0500
2022-06-26T16:59+0500
2022-06-26T16:59+0500
қоғам
онлайн төлеу
алаяқ
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_0:2:4032:2270_1920x0_80_0_0_17ad4f6c193e499bfed388231e734abb.jpg
Бүгінде интернет сауда қарқынды дамып келеді. Өйткені онлайн дүкендердің артықшылығы көп: ақша мен уақыт үнемделеді, тауардың түр-түрін ұсынады, түрлі акциялар мен жеңілдіктер жиі жасалады.Алайда кемшіліктері де жоқ емес. Әсіресе, тауар ақысын төлеу кезінде алаяқтарға алданып қалатындар бар. Өз абырой-беделін ойлайтын интернет дүкендер қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні сөзсіз, бірақ сатып алушылар да жеке және банк деректерін мейлінше құпия сақтағаны абзал.Онлайн тауар сатып алар алдында қандай қауіпсіздік ережелерін ескеру керек? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Интернет-дүкеннің жалған еместігіне көз жеткізіңізКөп жағдайда алаяқтар танымал және ірі брендтердің атын жамылып, жалған онлайн дүкендер құрады. Сөйтіп клиенттерге жоқ тауарды сатып, қалтасын қампитады. Киберқылмыскерлердің құрығына түсіп қалмас үшін URL-адресті мұқият тексеріңіз. Сайттың адресі http:// емес, https:// деп басталуға тиіс. Браузердің адресі жазылған жолда URL алдында құлыптың белгісі тұруы керек.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары URL адресі сандар мен түсініксіз белгілерден құралған интернет дүкендерге кірмеуге кеңес береді. Өйткені бұл алаяқтардың парақшасы болуы мүмкін.Тауар сатып алғандардың пікірлерін оқыңызӘдетте клиенттер өздері алған тауар жайлы интернетте түрлі пікір қалдырады. Тауар туралы пікірлерді дүкеннің сайтынан ғана емес, интернеттен іздеу арқылы да оқыңыз. Егер көбінің тауар сапасына, жеткізу мерзімі мен сатушылардың қызметіне көңілі толмаса, онда ойлану керек. Бәлкім, қалаған тауарды дәл сол онлайн дүкеннен емес, басқа жерден сатып алған дұрысырақ шығар.Көп пікірлер жалған және әдейі тапсырыспен жазылған да болуы мүмкін. Мұны да естен шығармаған абзал.Төлем әдісін таңдаңызОнлайн дүкен неғұрлым көп төлем әдісін ұсынса, соғұрлым жақсы. Ал егер ақшаны тауарды жеткізгеннен кейін ғана төлесе, тіпті керемет. Десе де, егер сіз дүкеннің жалған еместігіне, сайт адресінің дұрыстығына көз жеткізіп, сатып алушылардың пікірін зерделесеңіз, тауар ақысын карта арқылы да аударуға болады.Төлем шотын талап етіңізИнтернет сатушылар өз клиенттеріне төлем шотын жіберуге міндетті.Тауарды рәсімдеп, ақысын төлегеннен кейін сіздің электронды поштаңызға тапсырысты растау және шот келуге тиіс. Егер мұндай хат алмасаңыз, міндетті түрде компанияға хабарласыңыз. Өйткені бұл техникалық ақау да болуы ықтимал. Ал бәлкім, сіз алаяқтардың жалған интернет дүкеніне тап болған шығарсыз.Электронды поштаға келген барлық түбіртек пен төлемді растау құжаттарын сақтау қажет.Онлайн дүкендер үшін бөлек карта пайдаланыңызЕгер сіз интернет арқылы жиі тапсырыс берсеңіз, ақы төлеу үшін бөлек карта ашып алған дұрыс. Есесіне жалақыңыз бен депозитіңіз сенімді жерде сақталады. Виртуалды картаға ақшаны тек тауар сатып алар алдында ғана аудару керек. Ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілеуге болады.Жеке және банк деректерін интернетке жарияламаңыз. Күмәнді компаниялар мен адамдарға өз мәліметтеріңізді айтпаңыз.Тексерілмеген немесе күмәнді сайттардан келген электронды хаттар мен сілтемелерді ашпаңыз.Тегін Wi-Fi-дан сақ болыңызҚоғамдық Wi-Fi ерекше қауіп туғызады. Қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi-ға қосылып, интернет-шопинг жасамаған дұрыс. Өйткені алаяқтар дәл осындай қоғамдық желілерде бөтен адамдардың жеке деректерін ұрлайды.Егер шотыңызда біртүрлі белсенділік байқалса, өз шотыңызды аша алмасаңыз немесе картаңыздан ақша алынбаса, дереу банкке жүгініңіз.
https://sputnik.kz/20220518/alayaqtar-qazaqstandyqtardy-aldau-24890914.html
https://sputnik.kz/20220603/nesie-rasimdelgen-qalay-biluge-bolady-25259679.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_502:0:3531:2272_1920x0_80_0_0_24ae29af3f3663b4e16675983bd65f58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онлайн төлеу, алаяқ
Бүгінде интернет сауда қарқынды дамып келеді. Өйткені онлайн дүкендердің артықшылығы көп: ақша мен уақыт үнемделеді, тауардың түр-түрін ұсынады, түрлі акциялар мен жеңілдіктер жиі жасалады.
Алайда кемшіліктері де жоқ емес. Әсіресе, тауар ақысын төлеу кезінде алаяқтарға алданып қалатындар бар. Өз абырой-беделін ойлайтын интернет дүкендер қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні сөзсіз, бірақ сатып алушылар да жеке және банк деректерін мейлінше құпия сақтағаны абзал.
Онлайн тауар сатып алар алдында қандай қауіпсіздік ережелерін ескеру керек? Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Интернет-дүкеннің жалған еместігіне көз жеткізіңіз
Көп жағдайда алаяқтар танымал және ірі брендтердің атын жамылып, жалған онлайн дүкендер құрады. Сөйтіп клиенттерге жоқ тауарды сатып, қалтасын қампитады. Киберқылмыскерлердің құрығына түсіп қалмас үшін URL-адресті мұқият тексеріңіз. Сайттың адресі http:// емес, https:// деп басталуға тиіс. Браузердің адресі жазылған жолда URL алдында құлыптың белгісі тұруы керек.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары URL адресі сандар мен түсініксіз белгілерден құралған интернет дүкендерге кірмеуге кеңес береді. Өйткені бұл алаяқтардың парақшасы болуы мүмкін.
Тауар сатып алғандардың пікірлерін оқыңыз
Әдетте клиенттер өздері алған тауар жайлы интернетте түрлі пікір қалдырады. Тауар туралы пікірлерді дүкеннің сайтынан ғана емес, интернеттен іздеу арқылы да оқыңыз. Егер көбінің тауар сапасына, жеткізу мерзімі мен сатушылардың қызметіне көңілі толмаса, онда ойлану керек. Бәлкім, қалаған тауарды дәл сол онлайн дүкеннен емес, басқа жерден сатып алған дұрысырақ шығар.
Көп пікірлер жалған және әдейі тапсырыспен жазылған да болуы мүмкін. Мұны да естен шығармаған абзал.
Онлайн дүкен неғұрлым көп төлем әдісін ұсынса, соғұрлым жақсы. Ал егер ақшаны тауарды жеткізгеннен кейін ғана төлесе, тіпті керемет. Десе де, егер сіз дүкеннің жалған еместігіне, сайт адресінің дұрыстығына көз жеткізіп, сатып алушылардың пікірін зерделесеңіз, тауар ақысын карта арқылы да аударуға болады.
Интернет сатушылар өз клиенттеріне төлем шотын жіберуге міндетті.
Тауарды рәсімдеп, ақысын төлегеннен кейін сіздің электронды поштаңызға тапсырысты растау және шот келуге тиіс. Егер мұндай хат алмасаңыз, міндетті түрде компанияға хабарласыңыз. Өйткені бұл техникалық ақау да болуы ықтимал. Ал бәлкім, сіз алаяқтардың жалған интернет дүкеніне тап болған шығарсыз.
Электронды поштаға келген барлық түбіртек пен төлемді растау құжаттарын сақтау қажет.
Онлайн дүкендер үшін бөлек карта пайдаланыңыз
Егер сіз интернет арқылы жиі тапсырыс берсеңіз, ақы төлеу үшін бөлек карта ашып алған дұрыс. Есесіне жалақыңыз бен депозитіңіз сенімді жерде сақталады. Виртуалды картаға ақшаны тек тауар сатып алар алдында ғана аудару керек. Ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілеуге болады.
Жеке және банк деректерін интернетке жарияламаңыз. Күмәнді компаниялар мен адамдарға өз мәліметтеріңізді айтпаңыз.
Тексерілмеген немесе күмәнді сайттардан келген электронды хаттар мен сілтемелерді ашпаңыз.
Тегін Wi-Fi-дан сақ болыңыз
Қоғамдық Wi-Fi ерекше қауіп туғызады. Қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi-ға қосылып, интернет-шопинг жасамаған дұрыс. Өйткені алаяқтар дәл осындай қоғамдық желілерде бөтен адамдардың жеке деректерін ұрлайды.
Егер шотыңызда біртүрлі белсенділік байқалса, өз шотыңызды аша алмасаңыз немесе картаңыздан ақша алынбаса, дереу банкке жүгініңіз.