Тоқаев БАҚ өкілдерін марапаттады: президент сыйлығын кім алды

© Sputnik / Владислав ВодневМикрофоны представителей СМИ на пресс-конференции
Микрофоны представителей СМИ на пресс-конференции - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2022
Жазылу
28 маусымда Қазақстанда БАҚ қызметкерлерінің күні атлып өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар, гранттар беру және президент алғысын жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
БАҚ саласындағы мына қызметкерлерге сыйлық табысталды:
Ұлттық радионың дамуына қосқан үлесі үшін "Qazaq radiosy" радиостанциясының бас редакторы Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына;
Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін "31 арна" телерадиокомпаниясының тілшісі Көпжасарұлы Ерқанатқа;
Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық қолдауға қосқан үлесі үшін "Индустриальная Караганда" газетінің бас редакторы Мягких Оксана Вячеславовнаға;
Қазақстан журналистикасын және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін "Qazaqstan" ұлттық телеарнасының директоры Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына.
Мына азаматтар президент грантын алады:
Аймақтық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін "Жетісу" телеарнасының редакторы Сәния Байтарова;
Еліміздегі телевидениенің дамуына қосқан үлесі үшін "Almaty" телерадиокомпаниясының арнайы техникасының операторы Диаскен Бәйтібаев;
Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты түсіндіргені және жариялағаны үшін "Хабар 24" телеарнасының жүргізушісі Әнуарбек Бримжанов;
Интернет кеңістігінде ақпараттық қамтуды дамытуға қосқан үлесі үшін "Baigenews.kz" ақпарат агенттігінің тілшісі Жадыра Жолмұхаметова.
Президенттің алғыс хатын алатындар:
Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін қамтитын ақпараттық-талдау қызметі үшін "Adyrna" ұлттық порталының шығармашылық тобы;
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Ashyq alań" қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымы;
отандық радионы дамытуға қосқан үлесі үшін "Astana" радиосының шығармашылық ұжымына;
баспа бұқаралықт ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін "Вечерняя Астана" қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы.
Бұл марапат Қазақстанда 28 маусымда аталып өтетін БАҚ қызметкерлері күніне орай табысталады.
Жаңалықтар
0