Сағынтаев кортежіне оқ атылған кезде жараланған оператор президент грантын алды

© Photo : Facebook(запрещен в РФ)/Ruslan ZheldibayОператор Диаскен Бәйтібаев
Оператор Диаскен Бәйтібаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2022
Жазылу
Қазақстандағы телевидениенің дамуына қосқан үлесі үшін Диаскен Бәйтібаевқа грант берілді
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Журналистика күніне орай бұрынғы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне оқ атылған кезде жараланған Almaty ТРК операторы Диаскен Бәйтібаев марапатталды.
Диаскен Бәйтібаевқа ел телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін грант берілді.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әріптесін марапатымен құттықтады.
Оның айтуынша, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде телеарна қызметкерлері отырған көлікке шабуыл жасалып, телеарна жүргізушісі көз жұмды. Автомобиль салонында жарақат алған Диаскен Бәйтібаев та болған.
Алматының сол кездегі әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар оқиғасы кезінде өз кортежінің шабуылға тап болғаны туралы айтып берді.
Бакытжан Сагинтаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Қаңтар оқиғасы
Желіде Алматы әкіміне оқ атылған сәттің видеосы тарады
Жаңалықтар
0