https://sputnik.kz/20220625/qostanay-sayabagy-zhasospirimder-25763712.html
Қостанай саябағында жасөспірімдерді соққыға жыққандар ұсталды
Қостанай саябағында жасөспірімдерді соққыға жыққандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қостанай саябағында жасөспірімдерді ұрып-соққан төрт жас жігіттің кім екені бейнебақылау камерасы арқылы анықталды 25.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-25T15:03+0500
2022-06-25T15:03+0500
2023-08-10T12:08+0500
қостанай облысы
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_42:0:1100:595_1920x0_80_0_0_b6e314f20651fbdc34e252e06ec51848.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала саябағында кәмелетке толмағандарды соққыға жыққан төрт жігітті ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Күдіктілердің ұсталғаны туралы Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде хабарлады."БАҚ-та жазылған-жазылмағанына қарамастан, мұндай фактілер әрқашан ерекше бақылауда болады. Өйткені бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты болып отыр. Дереу процестік шешім қабылданып, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ", - деді ол.Жасөспірімдердің соққыға жығылғанын көріп, оларға араша түскен Қостанай тұрғыны полицейлерге мән-жайды анықтауға көмектесті.Қазіргі уақытта полицейлер төбелеске қатысқандардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.Сондай-ақ ол мектеп оқушылары мен студенттердің ата-аналарына демалыс кезінде балаларға ерекше көңіл бөлуге үндеді.Бұған дейін Қостанайдағы аттракциондар саябағында 13 және 15 жастағы ағайындыны белгісіз біреулер соққыға жыққаны туралы хабарланды. Төбелес полиция пунктінің жанында болған. Бірақ бұл уақытта полицей қызмет орнында болмаған және пункт жабық болған.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/878/08/8780845_248:0:1041:595_1920x0_80_0_0_1140501ab4d76e5b56fa475137a5e0a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, жасөспірім
қостанай облысы, жасөспірім
Қостанай саябағында жасөспірімдерді соққыға жыққандар ұсталды
15:03 25.06.2022 (жаңартылды: 12:08 10.08.2023) Қостанай саябағында жасөспірімдерді ұрып-соққан төрт жас жігіттің кім екені бейнебақылау камерасы арқылы анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала саябағында кәмелетке толмағандарды соққыға жыққан төрт жігітті ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілердің ұсталғаны туралы Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Омарбеков әлеуметтік желіде хабарлады.
"БАҚ-та жазылған-жазылмағанына қарамастан, мұндай фактілер әрқашан ерекше бақылауда болады. Өйткені бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты болып отыр. Дереу процестік шешім қабылданып, бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды ", - деді ол.
Жасөспірімдердің соққыға жығылғанын көріп, оларға араша түскен Қостанай тұрғыны полицейлерге мән-жайды анықтауға көмектесті.
Қазіргі уақытта полицейлер төбелеске қатысқандардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.
"Жігіттердің барлығы берекелі отбасыдан шыққан, олар спортпен шұғылданады. Қалғанын тергеу анықтайды", - деді полковник Омарбеков.
Сондай-ақ ол мектеп оқушылары мен студенттердің ата-аналарына демалыс кезінде балаларға ерекше көңіл бөлуге үндеді.
Бұған дейін Қостанайдағы аттракциондар саябағында 13 және 15 жастағы ағайындыны белгісіз біреулер соққыға жыққаны туралы хабарланды. Төбелес полиция пунктінің жанында болған. Бірақ бұл уақытта полицей қызмет орнында болмаған және пункт жабық болған.