Қазақстанның оңтүстігінде диқандар шығынға батып жатыр

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областижүгері
жүгері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2022
Жазылу
Бұршақ салдарынан мыңға жуық гектар егін алқабы зардап шеккен
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым - Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданында жаңбыр мен бұршақ егіс алқаптарына залал келтірді.
Осының салдарынан дақыл мен мақта алқаптары жарамсыз болып қалды, деп жазды Otyrar.kz.
"Менің егініме келген шығын миллион теңгеден асады. Бағасы қымбаттаған дизель отыны да шығынды арттырып тұр. Ал шіріген жүзімнен келген шығын 3 миллион теңгеден кем емес. Барлық жүзім шіріп кетті. Биыл жүзім болмайды", - дейді Айдала ауылының тұрғыны Бердияр Еділбаев.
Ол он гектар жерге жүзім, мақта, жүгері еккен.
Жаздың алғашқы күндерінде Қызылқұм және Ділдәбеков ауыл округтерінде аптап ыстық салдарынан мың гектарға жуық егінге зақым келгені хабарланды. Қазір шаруалардың шығыны ондаған миллион теңгеден асып жығылады. Енді диқандар күздің келуін үмітпен емес, үреймен күтіп отыр. Егінді сата алмағанмен, кредитті төлеуге тура келеді.
"Әкімдікке, ауыл шаруашылығы басқармасына бардық, бірақ олар ешқандай көмек көрсете алмаймыз дейді, бұл табиғи апат екенін алға тартып отыр", – дейді диқан Абдулла Мейірбеков.
Шенеуніктердің айтуынша, егін сақтандырылмаса, шығын өтелмейді.
Жаңалықтар
0