Президент Келімбетовке шетелден инвестиция тарту жұмысын жандандыруды тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке үкіметпен, ұлттық банкпен және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Кайрат Келимбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Экономика
Қазақстан "Росатоммен" АЭС құрылысы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр – Келімбетов
Жаңалықтар
0