https://sputnik.kz/20220625/alys-zholga-shyqqanda-neni-umytpau-kerek-25764829.html
Алыс жолға шыққанда нені ұмытпау керек
Алыс жолға шыққанда нені ұмытпау керек
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Жазда еңбек демалысын алатын уақыт басталады. Біреулер елді аралауға тырысса, енді біреулер шетелге тартып кетеді. Бірақ... 25.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-25T15:49+0500
2022-06-25T15:49+0500
2022-06-25T15:49+0500
саяхат
https://sputnik.kz/img/1013/05/10130565_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_616ccecdf0d2d6ba64a26534141cdc60.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Жазда еңбек демалысын алатын уақыт басталады. Біреулер елді аралауға тырысса, енді біреулер шетелге тартып кетеді. Бірақ қандай саяхат болса да, өзіңмен бірге алып жүретін маңызды заттар бар. Онсыз әбігерге түсуің мүмкін. Sputnik Қазақстан алыс саяхатқа шыққанда нені ұмытпау керектігін анықтады.Туристік фирмалар шығынды өтемейдіӘрине, жолға шыққанда ең алдымен барлық құжатты тексеріп алу керек. Өйткені әуежайға билетсіз келетін жолаушылар көп. Оны жергілікті таксистер жақсы біледі. Көбісі ұшақтың шығуына аз уақыт қалғанда келеді де, үйге қайтып баруға үлгермей жатады.Туристік компаниялар арқылы сатып алынған турдың ішінде қонақ үй, ұшып келу мен сақтандыру полисі болады. Бірақ кейбір адамдар шетелге барғанда бір жерде жатуды ұнатпайды, елді, жерді көргісі келеді. Содан билетті өздері алып, қонақ үйге немесе жалдамалы пәтерге алдын ала тапсырыс береді. Ол үшін арнайы мобильді қосымшалар да бар. Бірақ шетелге өз бетіңмен шыққанда сақтандыру полисін ұмытпау қажет. Жарақат алған жағдайда артық шығынды өтеуге мүмкіндік болады.Сондай-ақ шетелге шығардың алдында салық және тағы басқа қарыздарды тексеріп алған жөн. Себебі сот орындаушысы борышкерлер тізіміне кіргізіп жіберсе, әуежайдың бақылау бекетінен ары қарай өткізбейді. Бүгінде екі тізім бар. Олар – шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлер тізімі және атқарушы өндірістер бойынша борышкерлер тізімі. Мамандар екеуін де тексеріп алуға кеңес беріп отыр. Себебі шетелге шығармаған жағдайда туристік фирмалар шығынды өтемейді.Шекарашылар шығармай қоядыБорышкерлердің тізімі таза болса да, кей кезде қағазбастылықтың салдарынан шетелге шығармауы да мүмкін. Мәселен, астаналық Талғат Ибраев бұған дейін шетелге емін-еркін барып жүрген. Жақында отбасымен бірге Түркия ұшамын дегенде шекарашылар оны жібермей қойды. 2012 жылы сот орындаушының шығарған қаулысы бар екен. Оған сәйкес, шетелге шығуға тыйым салынған.Сөйтсе, 2012 жылы Талғаттың бір қарызы болған. Оны жауып тастаған. Бірақ шетелге шығуға тыйым салған сот орындаушы істі басқа маманға беріп, шектеуді алып тастамаған. Сол күйі қалып қойған. Ал сот орындаушылардың электронды базасы тек 2015 жылдан бастап жүргізіледі. Осылайша, қағаз жүзінде қалып қойған шектеу шекарашыларға түсіп, Талғатты әбігерге салған."Ал заң бойынша шектеу салған сот орындаушының өзі оны алып тастауы керек. Мен Нұр-Сұлтан қаласы сот орындаушыларының палатасына бардым, басшылығына кірдім. Жаңағы сот орындаушыны тауып алдық. Ол мұрағатты ақтару керек деп шықты. Әйтеуір, мен барлық құжатты сақтап жүремін. Сол кездегі сот үкімін тауып алдым. Содан шектеуді алып тастау туралы қаулыны жазып берді. Оны әділет департаментіне апардым. Олар шекарашыларға хабар беріп, шектеуді алып тастады", - деп атап өтті Ибраев.Талғат екі күннен кейін ғана Түркияға басқа рейспен ұшып, отбасымен қауышты.Дәрі-дәрмекті ұмытпау керекБасқа елге барғанда климатқа бейімделуге тура келеді. Ал ұшақ салқын болады. Ондайда иммунитетке салмақ түседі. Созылмалы аурулар қозып, суық тиюі мүмкін. Демалыстың қызығы болмай қалады. Дәрігерлер қызуды және ауырсынуды басатын дәріні алып жүруге кеңес беріп отыр.Сосын шетелде көбісі жергілікті тағамдардың дәмін көруге асығады. Сол кезде асқазанның микрофлорасы өзгеруі мүмкін. Оған қоса, жаңа дәмдеуіштер мен ащы тағамдар болады. Ал тамақ жақпаса, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ондайда пробиотиктер пен пребиотиктер көмектеседі. Оны тамақтан ұшыну немесе улану жағдайында да пайдалануға болады. Бұдан бөлек, шетелге шыққанда аллергия болуы мүмкін. Сондықтан гистаминге қарсы препараттарды салып алған жөн.Жалпы, алыс жолға шыққанда дәрі қобдишасын ұмытпаған жөн. Оған барлық дәрі-дермекті, сондай-ақ қажетті заттарды салу керек. Олар:Алыс сапарға көремін деп жүрген киноны немесе оқи алмай жүрген кітапты жүктеп, алып кетуге болады. Телефонды зарядтау құрылғысын ұмытып кетпеңіз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1013/05/10130565_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_d660613f6a1e0874d4688acf6af9d230.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саяхат
НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Жазда еңбек демалысын алатын уақыт басталады. Біреулер елді аралауға тырысса, енді біреулер шетелге тартып кетеді. Бірақ қандай саяхат болса да, өзіңмен бірге алып жүретін маңызды заттар бар. Онсыз әбігерге түсуің мүмкін. Sputnik Қазақстан алыс саяхатқа шыққанда нені ұмытпау керектігін анықтады.
Туристік фирмалар шығынды өтемейді
Әрине, жолға шыққанда ең алдымен барлық құжатты тексеріп алу керек. Өйткені әуежайға билетсіз келетін жолаушылар көп. Оны жергілікті таксистер жақсы біледі. Көбісі ұшақтың шығуына аз уақыт қалғанда келеді де, үйге қайтып баруға үлгермей жатады.
Туристік компаниялар арқылы сатып алынған турдың ішінде қонақ үй, ұшып келу мен сақтандыру полисі болады. Бірақ кейбір адамдар шетелге барғанда бір жерде жатуды ұнатпайды, елді, жерді көргісі келеді. Содан билетті өздері алып, қонақ үйге немесе жалдамалы пәтерге алдын ала тапсырыс береді. Ол үшін арнайы мобильді қосымшалар да бар. Бірақ шетелге өз бетіңмен шыққанда сақтандыру полисін ұмытпау қажет. Жарақат алған жағдайда артық шығынды өтеуге мүмкіндік болады.
Сондай-ақ шетелге шығардың алдында салық және тағы басқа қарыздарды тексеріп алған жөн. Себебі сот орындаушысы борышкерлер тізіміне кіргізіп жіберсе, әуежайдың бақылау бекетінен ары қарай өткізбейді. Бүгінде екі тізім бар. Олар – шетелге шығуға шектеу қойылған борышкерлер
тізімі және атқарушы өндірістер бойынша борышкерлер
тізімі. Мамандар екеуін де тексеріп алуға кеңес беріп отыр. Себебі шетелге шығармаған жағдайда туристік фирмалар шығынды өтемейді.
Шекарашылар шығармай қояды
Борышкерлердің тізімі таза болса да, кей кезде қағазбастылықтың салдарынан шетелге шығармауы да мүмкін. Мәселен, астаналық Талғат Ибраев бұған дейін шетелге емін-еркін барып жүрген. Жақында отбасымен бірге Түркия ұшамын дегенде шекарашылар оны жібермей қойды. 2012 жылы сот орындаушының шығарған қаулысы бар екен. Оған сәйкес, шетелге шығуға тыйым салынған.
"Мен аң-таң болдым. Бұған дейін шығып жүргенімді айтсам, иә, көріп отырмыз дейді, бірақ бізде қағаз бар, сізді шығара алмаймыз дейді. Амал жоқ, отбасымды жібердім, өзім қалып қойдым, бірден құзіретті органдарға қоңырау шалып, мәселені анықтауға кірістім", - деді Ибраев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Сөйтсе, 2012 жылы Талғаттың бір қарызы болған. Оны жауып тастаған. Бірақ шетелге шығуға тыйым салған сот орындаушы істі басқа маманға беріп, шектеуді алып тастамаған. Сол күйі қалып қойған. Ал сот орындаушылардың электронды базасы тек 2015 жылдан бастап жүргізіледі. Осылайша, қағаз жүзінде қалып қойған шектеу шекарашыларға түсіп, Талғатты әбігерге салған.
"Ал заң бойынша шектеу салған сот орындаушының өзі оны алып тастауы керек. Мен Нұр-Сұлтан қаласы сот орындаушыларының палатасына бардым, басшылығына кірдім. Жаңағы сот орындаушыны тауып алдық. Ол мұрағатты ақтару керек деп шықты. Әйтеуір, мен барлық құжатты сақтап жүремін. Сол кездегі сот үкімін тауып алдым. Содан шектеуді алып тастау туралы қаулыны жазып берді. Оны әділет департаментіне апардым. Олар шекарашыларға хабар беріп, шектеуді алып тастады", - деп атап өтті Ибраев.
Талғат екі күннен кейін ғана Түркияға басқа рейспен ұшып, отбасымен қауышты.
Дәрі-дәрмекті ұмытпау керек
Басқа елге барғанда климатқа бейімделуге тура келеді. Ал ұшақ салқын болады. Ондайда иммунитетке салмақ түседі. Созылмалы аурулар қозып, суық тиюі мүмкін. Демалыстың қызығы болмай қалады. Дәрігерлер қызуды және ауырсынуды басатын дәріні алып жүруге кеңес беріп отыр.
Сосын шетелде көбісі жергілікті тағамдардың дәмін көруге асығады. Сол кезде асқазанның микрофлорасы өзгеруі мүмкін. Оған қоса, жаңа дәмдеуіштер мен ащы тағамдар болады. Ал тамақ жақпаса, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ондайда пробиотиктер пен пребиотиктер көмектеседі. Оны тамақтан ұшыну немесе улану жағдайында да пайдалануға болады. Бұдан бөлек, шетелге шыққанда аллергия болуы мүмкін. Сондықтан гистаминге қарсы препараттарды салып алған жөн.
Жалпы, алыс жолға шыққанда дәрі қобдишасын ұмытпаған жөн. Оған барлық дәрі-дермекті, сондай-ақ қажетті заттарды салу керек. Олар:
құрт-құмырсқаның шағуына қарсы препарат;
суда және ауада тербелу кезінде пайдаланатын препарат.
Алыс сапарға көремін деп жүрген киноны немесе оқи алмай жүрген кітапты жүктеп, алып кетуге болады. Телефонды зарядтау құрылғысын ұмытып кетпеңіз.