https://sputnik.kz/20220624/turki-tarikhy-oqulyq-mektep-fakultativ-25739929.html
Түркі тарихының бірыңғай оқулықтары бойынша мектептерде факультативтер өтеді
Түркі тарихының бірыңғай оқулықтары бойынша мектептерде факультативтер өтеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңестің V отырысында түркі әлемінің жалпы оқулықтары, атап айтқанда, "Жалпы түркі... 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T12:18+0500
2022-06-24T12:18+0500
2022-06-24T12:18+0500
түркітілдес халықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25737550_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_2b91397c371384d1e84dd370f95fc1f7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңестің V отырысында түркі әлемінің жалпы оқулықтары, атап айтқанда, "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтары бойынша қорытынды шешім қабылдады.Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі атап өткендей, бауырлас елдер арасында білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар түркі мемлекеттері көшбасшыларының саммитінде берілген тапсырмаларға сәйкес дайындалды.2021 жылы Ыстамбұлда өткен ғылыми кеңестің төртінші отырысында Түркияның бастамасы бойынша оқулықтардың мәтінін мақұлдауға арналған сарапшылар кездесуі өтіп, оның барысында "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының мәтінін сарапшылар мақұлдады.Түркі халықтарының XV ғасырға дейінгі тарихын қамтитын "Жалпы түркі тарихы" оқулығы 7 бөлімнен тұрады. Онда түркі халықтарының тарихы егжей-тегжейлі баяндалған.Бұған дейін "Жалпы түркі тарихы" Әзербайжан, Қазақстан және Түркияда 8-сынып оқушылары үшін факультативтік бағдарлама ретінде оқытылып келгенін атап өту керек.Осы жылы Нұр-Сұлтанда өткен ғылыми кеңесте қабылданған қорытынды хаттамаға сәйкес, тараптар ортақ оқулықтардың бағдарламалары мен мәтіндерін бекітіп, олардың өз елдерінің орта білім беру мекемелерінде оқытылуын қамтамасыз ету және оқушылар арасында "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" пәндерін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.Халықаралық Түркі академиясы – түркі әлемін зерттеу мақсатында құрылған ғылыми орталық. Ол Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі академиясының негізін қалаушы елдер болып саналады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25737550_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c055f9aaf25b9e52e1373c31123ac66a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркітілдес халықтар
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңестің V отырысында түркі әлемінің жалпы оқулықтары, атап айтқанда, "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтары бойынша қорытынды шешім қабылдады.
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі атап өткендей, бауырлас елдер арасында білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған оқулықтар түркі мемлекеттері көшбасшыларының саммитінде берілген тапсырмаларға сәйкес дайындалды.
2021 жылы Ыстамбұлда өткен ғылыми кеңестің төртінші отырысында Түркияның бастамасы бойынша оқулықтардың мәтінін мақұлдауға арналған сарапшылар кездесуі өтіп, оның барысында "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының мәтінін сарапшылар мақұлдады.
Түркі халықтарының XV ғасырға дейінгі тарихын қамтитын "Жалпы түркі тарихы" оқулығы 7 бөлімнен тұрады. Онда түркі халықтарының тарихы егжей-тегжейлі баяндалған.
"Түркі әлемінің географиясы" оқулығының мазмұны жалпы түркі әлемінің географиялық бейнесін қалыптастыруға, түркілердің географиялық түсініктері мен идеяларын зерделеуге, сондай-ақ тәуелсіз түркі елдерінің географиясын зерттеуге бағытталған. "Жалпы түркі әдебиеті" оқулығы оқушыларға ерте дәуірден бастап ұлттық әдебиет тарихына негізделген жалпы түркі әдебиеті мен жалпы мәдени құндылықтар туралы түсінік беруге арналған", - деді Түркі академиясының басшысы.
Бұған дейін "Жалпы түркі тарихы" Әзербайжан, Қазақстан және Түркияда 8-сынып оқушылары үшін факультативтік бағдарлама ретінде оқытылып келгенін атап өту керек.
Осы жылы Нұр-Сұлтанда өткен ғылыми кеңесте қабылданған қорытынды хаттамаға сәйкес, тараптар ортақ оқулықтардың бағдарламалары мен мәтіндерін бекітіп, олардың өз елдерінің орта білім беру мекемелерінде оқытылуын қамтамасыз ету және оқушылар арасында "Жалпы түркі тарихы", "Жалпы түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" пәндерін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Халықаралық Түркі академиясы – түркі әлемін зерттеу мақсатында құрылған ғылыми орталық. Ол Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі академиясының негізін қалаушы елдер болып саналады.