https://sputnik.kz/20220624/shymkentte-iz-tuzsiz-zhogalgan-reseylik-oli-tabyldy-25743241.html
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік өлі табылды
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік өлі табылды
Sputnik Қазақстан
Маусым айының басында Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен Ресей азаматы Александр Кирьянов қалалық дендропаркте өз-өзіне қол жұмсады 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T13:21+0500
2022-06-24T13:21+0500
2022-06-24T13:22+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_0:0:1443:811_1920x0_80_0_0_5abcde9cae766e57aeb4c33747d5bb4c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Шымкентте із-түзсіз жоғалғанАлександр Кирьяновтың туыстары іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.Оның мәйіті 31 мамырда дендропарк аумағынан табылған, бірақ кім екені тек 23 маусымда анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.Марқұмның Шымкентте тұратын туысы Владислав Андреев оның мәйітін таныды, деп хабарлады ОТЫРАР.Александр Кирьянов 1 маусымда үйіне Ресейге ұшып кетуі керек еді, қолында билеті болған."Жалпы, ол Шымкентке сәуір айында келген. Оның денсаулығында проблемалар болды. Оған бұл жердің жылы, климаты жақсы екенін дәрігерлер айтыпты. Сол үшін келген болатын. Алғашында қонақүйде тұрып, кейін пәтер жалдап, 3 айға алдын ала төлем жасаған. Бірақ мамыр айында жаңбыр жауып, ауа райы өзгерді сол себептен де ме оның денсаулығы сыр берді. Сондықтан үйіне қайтуға шешім қабылдаған. 1 маусымда Мәскеуге ұшуы керек еді. Бірақ 31 мамырда ол үйден шығып, қайтып оралмады, ұялы телефонын, заттарын, құжаттарын пәтерде қалдырып кетіпті", – дейді марқұмның туысы Владислав Андреев.Владислав Андреевтің айтуынша, дабыл маусымның басында қағыла бастаған. Полиция олардың жақын туыстары еместігін алға тартып, Александр Кирьяновтың жоғалып кеткені туралы арызды қабылдаудан бас тартқан."Александр Кирьянов – әкемнің немере інісі. Ата-анам ажырасқандықтан, әкемнің туыстарымен араласпадым. Бірақ ол жоғалып кеткенде, әрине, дабыл қаға бастадық. Пәтер иесі зиялы адам болып шықты, ол да арыз жазғысы келген. Қаратау ауданы бойынша учаскелік полиция қызметкері келіп, заттарды түгендеді. Олар бізден арызды қабылдамады, өйткені біз жақын туыс емеспіз. Ата-анасы қарт, келіп арыз жаза алмайтынын түсіндірдім. Осы уақыт бойы олар оны табамыз деп күтті, бірақ солай болып шықты, олар оны 31 мамырда өлі күйде тапты", – дейді Владислав Андреев.Іздеуде жүрген ер адамның әлдеқашан қайтыс болғаны 23 маусым күні кешке жақын туысының мәйітін таныған Владислав Андреевтің сөзінен белгілі болды. Полиция департаменті болған оқиғаның ресми нұсқасын әлі жариялаған жоқ.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18084880_168:0:1249:811_1920x0_80_0_0_06febf5a137a1b09d8b91629abc85c8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте із-түзсіз жоғалған ресейлік өлі табылды
13:21 24.06.2022 (жаңартылды: 13:22 24.06.2022) Маусым айының басында Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен Ресей азаматы Александр Кирьянов қалалық дендропаркте өз-өзіне қол жұмсады
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Шымкентте із-түзсіз жоғалғанАлександр Кирьяновтың туыстары іздеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Оның мәйіті 31 мамырда дендропарк аумағынан табылған, бірақ кім екені тек 23 маусымда анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұмның Шымкентте тұратын туысы Владислав Андреев оның мәйітін таныды, деп хабарлады
ОТЫРАР.Александр Кирьянов 1 маусымда үйіне Ресейге ұшып кетуі керек еді, қолында билеті болған.
"Жалпы, ол Шымкентке сәуір айында келген. Оның денсаулығында проблемалар болды. Оған бұл жердің жылы, климаты жақсы екенін дәрігерлер айтыпты. Сол үшін келген болатын. Алғашында қонақүйде тұрып, кейін пәтер жалдап, 3 айға алдын ала төлем жасаған. Бірақ мамыр айында жаңбыр жауып, ауа райы өзгерді сол себептен де ме оның денсаулығы сыр берді. Сондықтан үйіне қайтуға шешім қабылдаған. 1 маусымда Мәскеуге ұшуы керек еді. Бірақ 31 мамырда ол үйден шығып, қайтып оралмады, ұялы телефонын, заттарын, құжаттарын пәтерде қалдырып кетіпті", – дейді марқұмның туысы Владислав Андреев.
Владислав Андреевтің айтуынша, дабыл маусымның басында қағыла бастаған. Полиция олардың жақын туыстары еместігін алға тартып, Александр Кирьяновтың жоғалып кеткені туралы арызды қабылдаудан бас тартқан.
"Александр Кирьянов – әкемнің немере інісі. Ата-анам ажырасқандықтан, әкемнің туыстарымен араласпадым. Бірақ ол жоғалып кеткенде, әрине, дабыл қаға бастадық. Пәтер иесі зиялы адам болып шықты, ол да арыз жазғысы келген. Қаратау ауданы бойынша учаскелік полиция қызметкері келіп, заттарды түгендеді. Олар бізден арызды қабылдамады, өйткені біз жақын туыс емеспіз. Ата-анасы қарт, келіп арыз жаза алмайтынын түсіндірдім. Осы уақыт бойы олар оны табамыз деп күтті, бірақ солай болып шықты, олар оны 31 мамырда өлі күйде тапты", – дейді Владислав Андреев.
Іздеуде жүрген ер адамның әлдеқашан қайтыс болғаны 23 маусым күні кешке жақын туысының мәйітін таныған Владислав Андреевтің сөзінен белгілі болды. Полиция департаменті болған оқиғаның ресми нұсқасын әлі жариялаған жоқ.