Қыздырылатын темекі акциздерінің өсуі контрабанданың өршуіне әкеледі – сарапшылар

Калиев Амиржан Кошкарбаевич, президент ассоциации "КазАлкоТабак"
Калиев Амиржан Кошкарбаевич, президент ассоциации КазАлкоТабак - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бірқатар бизнес-қауымдастық қыздырылатын темекіге салынатын акциздердің күрт өсуіне қарсы петицияны қолдады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен жиынға қатысушылар мәлімдеді.
Ұлттық тұтынушылар лигасы бастамашы болған петицияда ел президентін депутаттардың акциз мөлшерлемесін күрт көтеру туралы бастамасын қабылдамай, темекі мен қыздырылған темекіге тең қолжетімділік қалыптастыруға шақырды.
© Sputnik / Владислав ВодневSputnik Қазақстан баспасөз орталығы
Пресс-конференция по повышению акцизов на нагреваемый табак - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы
Петиция авторларының айтуынша, депутаттардың акциз мөлшерлемесін үш есеге көтеру туралы шешімі қыздырылатын темекіге көшкен шылым шегетін азаматтардың алдында тең емес жағдай тудырады. Бұл шешім адамдарды түтінсіз қыздырылатын өнімдерден арзан темекіге көшуге итермелейді.
Спикерлер қыздырылатын темекіге акциз мөлшерлемесін темекіге 29 проценттен 70 процентке дейін күрт көтеру бағаның айтарлықтай еселеп өсуіне әкелетінін атап өтті. Мысалы, темекінің түтінсіз қыздыру құрылғысына арналған бір қорап стиктің бөлшек саудадағы бағасы орташа есеппен 900-1000 теңгені құраса, бір қорап кәдімгі темекіні тұтынушы небәрі 650 теңгені сатып алады.
"Тұтынушының таңдауы болуы маңызды: темекі немесе балама өнімдер. Ал қазір билік тұтынушыны баламалы өнімнен темекіге қайта көшуге мәжбүрлеп отыр. Тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жан-жақты ойластырылған саясат болуы керек", - деді "Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" РҚБ басқарма төрағасы Светлана Романовская.
"Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" басқарма төрағасы Светлана Романовская
Пресс-конференция по повышению акцизов на нагреваемый табак - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
"Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы" басқарма төрағасы Светлана Романовская
Спикерлердің айтуынша, кодекске түзетулерді қабылдау процесі бастапқыда дұрыс жүргізілмеген. Себебі, бизнес-қауымдастықтың пікірін тыңдауға ешкім әрекет жасамады. Сондай-ақ, олардың пікірінше, түзетулер қабылданбас бұрын қыздырылатын темекіге көшетін қазақстандықтардың пікірін ешкім анықтауға тырыспағаны туралы сұрақтың да жауабы жоқ. Бұл сегменттегі бағаның күрт өсуі оларды тұтынушыларға әлдеқайда зиян келтіретін қарапайым темекіге қайта көшуге итермелеуі мүмкін, дейді медицина өкілдері.
"Мен темекінің кез келген түріне қарсымын, бірақ дәрігер ретінде мұның тәуелділік екенін және одан құтылу қиын екенін жақсы түсінемін. Сондықтан тәуелділіктен арылғысы және ағзаға келетін зиянды азайтқысы келетін темекі шегушілерді ынталандыру керек. Жану процесі жоқ балама темекі өнімдеріне қолдау көрсетуге болады. Өйткені, олардың аэрозолінда темекі түтініндегі зиянды химиялық заттар 90-95 процентке аз екенін растайтын көп ғылыми зерттеу бар. Ал Қазақстанда, өкінішке қарай, темекі шегумен күрес инновациялармен күреске айналып кетті. Азаматтардың өз денсаулығын қорғауы мен сақтауы конституциялық құқық екенін ескеру керек", - дейді "Денсаулық" ұлттық қауымдастығының басшысы Бақыт Түменова.
© Sputnik / Владислав ВодневБаспасөз мәслихаты
Пресс-конференция по повышению акцизов на нагреваемый табак - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Баспасөз мәслихаты
Спикерлердің айтуынша, Еуроодақ елдерінде қыздырылатын темекіге салынатын акциз, керісінше, кәдімгі темекіге салынатын акцизден айтарлықтай төмен. Еуроодақта бұл орташа есеппен темекіге салынатын мөлшерлеменің 28%-ін құрайды. Бұл өте орынды. Себебі, темекі түтінсіз қыздырылатын темекіге қарағанда бірнеше есе зиянды. Бұл көптеген халықаралық медициналық зерттеулермен дәлелденген, деді баспасөз конференциясына қатысушылар.
Сондай-ақ, "Атамекендегілер" бизнес, мемлекет пен халықтың мүддесінің тең болуы ұсынылып жатқанын атап өтті. "Атамекен" ҰКП өнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Еркен Наурызбеков акциздерге қатысты бұл жағдай контрабанда көлемінің ұлғаю қаупін тудыратынын айтты. Оның айтуынша, мөлшерлеме 2023 жылы күшіне енсе, іргелес жатқан Өзбекстанда құрылғының бағасы Қазақстандағыдан үш есе арзан болады.
Баспасөз кнференциясына қатысушылар кәмелетке толмағандардың вейп қолдануы проблемасына қатысты осы мәселеде мемлекеттік реттеуді күшейту қажет екенін атап өтті. Баспасөз конференциясының толық видеосын мына жерден көруге болады.
Жаңалықтар
0