https://sputnik.kz/20220624/qazaqstan-atom-energetikasy-25757001.html
Қазақстан атом энергетикасын елдің энергетикалық балансына қосуды жоспарлап отыр
Қазақстан атом энергетикасын елдің энергетикалық балансына қосуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогы онлайн форматта өтіп жатыр 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T19:16+0500
2022-06-24T19:16+0500
2022-06-24T19:19+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25239674_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_c45411eeba34812e4e1e0365b5d184f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.Жиында мемлекет басшысы климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге тоқталып, 2060 жылға қарай көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның қабылдаған міндеттері туралы айтты. Мемлекет басшысы халықаралық институттардың жаһандық сын-тегеуріндермен күресте жалғыз механизм болып отырғанын атап өтіп, көпжақты дағдарысқа және жаһандық басқаруға баса мән берді. Оның айтуынша, жаһандық серіктестіктің жаңа түрлерін өзара тиімді диалогқа алмастыру қажет. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев "Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығы" тұжырымдамасын және Төраға Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік және Жаһандық даму бастамаларын құптады.Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысты. БРИКС елдері арасында жоғары деңгейдегі серіктестік қатынас орнату, жаһандық дамудың жаңа дәуірін құру" атты тақырыптағы БРИКС-тің 14-саммиті Қытайдың төрағалығымен өтіп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25239674_117:0:1254:853_1920x0_80_0_0_e0fbd2098944aa23ab00e8b6cf1dbc80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан атом энергетикасын елдің энергетикалық балансына қосуды жоспарлап отыр
19:16 24.06.2022 (жаңартылды: 19:19 24.06.2022) БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогы онлайн форматта өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Жиында мемлекет басшысы климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге тоқталып, 2060 жылға қарай көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу үшін Қазақстанның қабылдаған міндеттері туралы айтты.
"Президент еліміздің энергетикалық балансына атом энергетикасын қосу жоспарына тоқталды. Осы ретте, техникалық көмек және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі әлеуетті күшейту саласы бойынша БРИКС елдерімен тығыз ынтымақтастық орнатуға бейілді екенін растады", - делінген ақпаратта.
Мемлекет басшысы халықаралық институттардың жаһандық сын-тегеуріндермен күресте жалғыз механизм болып отырғанын атап өтіп, көпжақты дағдарысқа және жаһандық басқаруға баса мән берді. Оның айтуынша, жаһандық серіктестіктің жаңа түрлерін өзара тиімді диалогқа алмастыру қажет.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев "Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығы" тұжырымдамасын және Төраға Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік және Жаһандық даму бастамаларын құптады.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына онлайн форматта қатысты. БРИКС елдері арасында жоғары деңгейдегі серіктестік қатынас орнату, жаһандық дамудың жаңа дәуірін құру" атты тақырыптағы БРИКС-тің 14-саммиті Қытайдың төрағалығымен өтіп жатыр.