Видео

Қарқаралыда жүздеген адам дала өртін сөндіріп жатыр – видео

Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өрттің екі ошағын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тілсіз жау орман мен далаға тарап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
© Photo : Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіҚарқаралыда дала өртеніп жатыр
Қарқаралыда дала өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Қарқаралыда дала өртеніп жатыр
Ресми мәліметке сәйкес, өртті сөндіруге 233 адам жұмылдырылды. 45 техника шығарылған. Сондай-ақ екі тікұшақ әуеден су шашып жүр.
Өрттің екі ошағын сөндіру шараларына облыстық төтенше жағдайлар департаменті, өртке қарсы ерікті құралымдар, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, полиция, "Алтай Полиметалы" ЖШС мамандары шықты.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 га құрап отыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға кедергі келтіріп отырған мәселелер де жоқ емес. Таулы-жартасты жерлер көп. Оған қоса, жанында су қоймалары жоқ. Жел қатты, бағыты өзгеріп тұрады.
Жаңалықтар
0