https://sputnik.kz/20220624/qalbatau-mayqapshagay-taszhol-25734650.html
"Қалбатау-Майқапшағай" тасжолының құрылысы қайта жанданды
"Қалбатау-Майқапшағай" тасжолының құрылысы қайта жанданды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Құрылысы ұзаққа созылып, проблемалық деп танылған тасжолдардың бірі – "Қалбатау-Майқапшағай" күре жолында құрылыс жұмыстары... 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T08:52+0500
2022-06-24T08:52+0500
2022-06-24T08:52+0500
жол
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25734150_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_d029fffda369e80f1e2646358a7ebff1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Құрылысы ұзаққа созылып, проблемалық деп танылған тасжолдардың бірі – "Қалбатау-Майқапшағай" күре жолында құрылыс жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.Компания құрылыс консорциумының құрамын қайта қарап, қосымша келісімге қол қойылды, қажет арнайы техника мен жол қызметкерлері жұмылдырылды.Бас мердігердің алдына 2022 жылдың соңына дейін 250 шақырым жолды ашу міндеті қойылды.Құрылыс консорциумы бір шетелдік (Қытай) және бір отандық компаниядан тұрды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қытай елінің компаниясымен және Эксимбанкпен келіссөз жүргізілген."Жұмысты қытайлық компания аяқтайтыны туралы келісімге келдік, бас мердігер жыл соңына дейін жолдың көп бөлігінде жол қозғалысын қамтамасыз етуге ниетті. 2023 жылдың соңына дейін осы жобаны сәтті аяқтау үшін барлық қажет шараны қолданамыз", - деп атап өтті Мейірхат Қасымбаев.Қазір 300-ге жуық арнайы техника мен 400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жол қызметкерлерінің 90%-і жергілікті тұрғындар, олар техникалық мамандықтарға бейімделіп, оқып шықты.Республикалық маңызы бар автожолдың жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайды, қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін тасжол 2 жолақты болады және II техникалық санатқа сәйкес келеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25734150_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_47de3284c28c274f3960409d6a86b096.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Құрылысы ұзаққа созылып, проблемалық деп танылған тасжолдардың бірі – "Қалбатау-Майқапшағай" күре жолында құрылыс жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Компания құрылыс консорциумының құрамын қайта қарап, қосымша келісімге қол қойылды, қажет арнайы техника мен жол қызметкерлері жұмылдырылды.
Бас мердігердің алдына 2022 жылдың соңына дейін 250 шақырым жолды ашу міндеті қойылды.
"Құрылыс консорциумымен келісімшартқа 2017 жылы қол қойылды. Бірнеше жыл бойы жобалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы учаске саны —10. Қайта құру (реконструкция) жұмыстарының қарқыны төмен болып, мердігерлер бекітілген жұмыс кестесінен қалып қойды. Негізгі себеп – бас мердігерлердің жұмысына салғырт қарауы", - дейді ҚазАвтоЖол басшысы Мейірхат Қасымбаев.
Құрылыс консорциумы бір шетелдік (Қытай) және бір отандық компаниядан тұрды. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Қытай елінің компаниясымен және Эксимбанкпен келіссөз жүргізілген.
"Жұмысты қытайлық компания аяқтайтыны туралы келісімге келдік, бас мердігер жыл соңына дейін жолдың көп бөлігінде жол қозғалысын қамтамасыз етуге ниетті. 2023 жылдың соңына дейін осы жобаны сәтті аяқтау үшін барлық қажет шараны қолданамыз", - деп атап өтті Мейірхат Қасымбаев.
Қазір 300-ге жуық арнайы техника мен 400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. Жол қызметкерлерінің 90%-і жергілікті тұрғындар, олар техникалық мамандықтарға бейімделіп, оқып шықты.
Республикалық маңызы бар автожолдың жалпы ұзындығы 415 шақырымды құрайды, қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін тасжол 2 жолақты болады және II техникалық санатқа сәйкес келеді.