Маймыл шешегі вирусының негізгі таратушысы балалар болуы мүмкін – дәрігер

© AP Photo / CDCАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Жазылу
Маймыл шешегі адамға жұғатын қауіпті вирустық инфекция, өлім-жітім 11%-ке дейін жетеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Маймыл шешегі вирусының негізгі таратушысы балалар болуы мүмкін. Педиатр Антон Равдин Sputnik радиосына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, баланың иммундық жүйесі өзгеше, сондықтан балада ересек адамға қарағанда вирустық аурулар жеңіл өтеді. Дәрігер балалар сау болып көрінгенімен, бәрібір инфекция таратушы рөлін атқара беретінін айтты.
Дәрігердің пайымдауынша, маймыл шешегін жұқтырған, бірақ бұл аурудың белгілері жоқ бір бала 30 адамға дейін вирусты жұқтыруы мүмкін.
"Маймыл шешегін жұқтырған кез келген науқас вирусты жаппай таратып жіберуі ықтимал. Бұл тұрғыда балалар ең қауіпті санатқа жатады. Олар вирусты ауруларды оңай көтереді, сондықтан оларға ең жеңіл шектеу шаралары қолданылады. Ересек адам COVID-19 ауруымен ауырған кезде оны оқшаулайды. Ал балалар ауырып жатқанда мұны коронавирус инфекциясы емес, жеңіл бір ауру деп санайды. Мұндай бала 10-нан 30-ға дейінгі адамға ауру жұқтыруы мүмкін. Егер кенеттен маймыл шешегі ауруы таралса, тура осы жағдай қайталанады", - деді дәрігер.
Ол кез келген вирусты инфекция кезінде шектеу шараларын қолдану қажеттігін ескертіп, жеке гигиенаны қадағалауға кеңес берді.
"Егер бала ауырса, оны қаншалықты жақсы көрсеңіз де, онымен бір кеседен шай-су ішудің, онымен бір сүлгімен сүртінудің немесе ол жеген астың қалғанын тауыса салудың қажеті жоқ. Қарапайым гигиенадан ешқандай зиян болмайды", - деп түйіндеді Антон Равдин.
Еске сала кетейік, Батыс және Орталық Африка елдері маймыл шешегінің таралу ошағына айналды. Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандардың саны 3,2 мыңнан асты.
Жаңалықтар
0