Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

G7 саммитінде Ресейдің Украинадағы іс-әрекетінің салдары талқыланады

© AFP 2024 / BERND VON JUTRCZENKAЭнтони Блинкен и Анналена Бербок
Энтони Блинкен и Анналена Бербок - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Жазылу
Кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский бейнебайланыс арқылы қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. РИА Новости ақпараты бойынша G7 саммитінде Ресейдің Украинадағы іс-әрекетінің салдары талқыланады. Сонымен қатар мәселені дипломатиялық жолмен шешу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы Берлинде журналистерге АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді.
"Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясының салдары жақын күндері талқыланады. Атап айтқанда, дипломатиялық жолмен мұның шешімін табу мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, оның салдарына дайындық мәселесі талқыланады", - деді Блинкен Германия Федеративті Республикасының сыртқы істер министрі Анналена Бурбокпен кездесуден кейін.
Еске салсақ, Германия төрағалығымен "үлкен жетілік" саммиті 26-28 маусымда Бавариядағы Эльмау сарайында өтеді.
Шақырылған тараптар арасында Сенегал, Оңтүстік Африка Республикасы, Аргентина, Үндістан және Индонезия көшбасшылары бар.
Жаңалықтар
0