Экономика

Доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, теңге
Доллар, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2022
Жазылу
Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме берді
АЛМАТЫ, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша теңге кешегі 465,15 доллар деңгейінен 470,18-ге дейін төмендеді.
Kurs.kz қазіргі таңда Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 462 теңге, ал сату - 467 теңге.
Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде америкалық валютаны орта есеппен 463 теңгеден сатып алады, 467 теңгеден сатады.

Теңге неге әлсіреп жатыр

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме берді. Теңге бағамының төмендеуін валютаға сұраныстың өсуімен және нарықтағы сатушылар шектеулі болуымен түсіндірді.

Рубль неге нығаюда

Ұлттық Банк рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына шаққанда нығаюын импорттың айтарлықтай төмендеуімен байланыстырады. Оның үстіне капитал қозғалысын бақылау шаралары енгізілді.

"Маусым айының басынан бері рубль долларға шаққанда шамамен 15%-ке нығайды. Рубль әлемдік нарықта долларға шаққанда нығайып келеді. Сондықтан рубль/теңге бағамы да өсіп жатыр", – деп атап өтті Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк.

Ұлттық Банк қысқа мерзімде геосаяси жағдайдың өзгеруіне, әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты теңге құбылмалы болатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0