https://sputnik.kz/20220624/aymagambetov-deputat-syn-25747187.html
Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді
Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын 24.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-24T14:54+0500
2022-06-24T14:54+0500
2022-06-24T14:54+0500
білім
асхат аймағамбетов
депутат
сын
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23840644_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_a38f5c01680fd1f1a4e566a9e9e42b5f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді.Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды нақты ажыратады. Мұғалімдерге берілетін төлемдер - жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыреті.Аймағамбетов ведомство бақылау функцияларын атқаратынын атап өтті. Жағдайды мониторингілеу кезінде министрлік бірқатар өңірде төлемдер кешіктірілгенін анықтады."Кешіктіру барлық аймақта болған жоқ. Кейбіреуінде төлемге қатысты проблемалар болды. Егер жағдай барлық жерде болса, онда орталық органның проблемасы деп айтуға болады. Біз жергілікті органдардың сомасын анықтадық. Оларда мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған. Қазір төлемдер жүріп жатыр, кешегі күнге 8 миллиард теңге қалды. Біз жағдайды бақылап отырмыз", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.Еске салсақ, кеше мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен. Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23840644_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_56734abd39109f532514f7d934b496bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, депутат, сын
асхат аймағамбетов, депутат, сын
Аймағамбетов министрлікті сынаған депутатқа жауап берді
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов депутат Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктіріліп жатыр деген сынға жауап берді.
Министрдің айтуынша, заң мемлекеттік органдар арасындағы функцияларды нақты ажыратады. Мұғалімдерге берілетін төлемдер - жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыреті.
"Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне барлық төлемді оқу-ағарту министрлігі жасамайды. Сондықтан республикалық орталық органның мұғалімдерге тікелей қарызы бар деп айту мүлдем дұрыс емес. Құзіреттіліктің бөлінуін біліп, мұндай сөз қандай мақсатпен айтылатынын білмеймін. Барлығы бұрыннан барлық құжатта бекітілген", - деді ведомство басшысы.
Аймағамбетов ведомство бақылау функцияларын атқаратынын атап өтті. Жағдайды мониторингілеу кезінде министрлік бірқатар өңірде төлемдер кешіктірілгенін анықтады.
"Кешіктіру барлық аймақта болған жоқ. Кейбіреуінде төлемге қатысты проблемалар болды. Егер жағдай барлық жерде болса, онда орталық органның проблемасы деп айтуға болады. Біз жергілікті органдардың сомасын анықтадық. Оларда мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған. Қазір төлемдер жүріп жатыр, кешегі күнге 8 миллиард теңге қалды. Біз жағдайды бақылап отырмыз", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, кеше мәжіліс депутаты Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр деген болатын. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгеге жеткен.
Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.