https://sputnik.kz/20220623/zhezqazgan-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-ketti-25727821.html
Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті
Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын 23.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-23T17:49+0500
2022-06-23T17:49+0500
2022-06-23T17:49+0500
өңірлер
жезқазған
әкім
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін жаңадан құрылған облыстың әкімі қала басшысына алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.Айта кетері, Қайрат Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын. Әкім қызметінен не үшін кеттіЭкс-әкім әлеуметтік желіде жазба жазып, қызметінен кетудің себебін түсіндірді. "Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына мені өзінің орынбасары лауазымына ұсынды, мен өзге жоспарым бар екенін айтып, алғыс білдірдім. Алдымда ертеден ниет қылған жеке жоспарларым, уақыт еншісінде кезегін күтіп іске асырам деп жүрген жобаларым бар", - дейді Әбсаттаров. Оның сөзіне қарағанда, Жезқазғанның құлдырау шегіне жеткені сонша, күйзеліс қарқынын тежеудің өзі көп күшті қажет етті. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыс аз емес. "Бірақ, “көпжылдық көң бір күнде жібімес”, дегендей, шешілуін күтіп тұрған мәселелер әлі де шаш етектен. Олар қомақты қаржыны да, облыс деңгейіндегі жауапты шешімді де, жүйесіздікті реттеуді де қажет етеді. Енді қаламыз облыс орталығы болды, жаңа мүмкіндіктер де пайда болады. Осылайша туған жеріме мені дәм-тұз жетелеп әкелген үлкен арман-мақсатымның барынша орындалатынына көзім жетеді", - деп жазды қаланың бұрынғы әкімі.
жезқазған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жезқазған, әкім
Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті
Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін жаңадан құрылған облыстың әкімі қала басшысына алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.
"Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қайрат Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын.
Әкім қызметінен не үшін кетті
Экс-әкім әлеуметтік желіде жазба жазып, қызметінен кетудің себебін түсіндірді.
"Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына мені өзінің орынбасары лауазымына ұсынды, мен өзге жоспарым бар екенін айтып, алғыс білдірдім. Алдымда ертеден ниет қылған жеке жоспарларым, уақыт еншісінде кезегін күтіп іске асырам деп жүрген жобаларым бар", - дейді Әбсаттаров.
Оның сөзіне қарағанда, Жезқазғанның құлдырау шегіне жеткені сонша, күйзеліс қарқынын тежеудің өзі көп күшті қажет етті. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыс аз емес.
"Бірақ, “көпжылдық көң бір күнде жібімес”, дегендей, шешілуін күтіп тұрған мәселелер әлі де шаш етектен. Олар қомақты қаржыны да, облыс деңгейіндегі жауапты шешімді де, жүйесіздікті реттеуді де қажет етеді. Енді қаламыз облыс орталығы болды, жаңа мүмкіндіктер де пайда болады. Осылайша туған жеріме мені дәм-тұз жетелеп әкелген үлкен арман-мақсатымның барынша орындалатынына көзім жетеді", - деп жазды қаланың бұрынғы әкімі.