Украинада америкалық жалдамалы әскер соғысып жатыр – ресейлік сарапшы
12:09 23.06.2022 (жаңартылды: 12:14 10.08.2023)
© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуДХР Жоғарғы соты шетелдік жалдамалыларды өлім жазасына кесті
© Sputnik / Константин Михальчевский
/ Жазылу
АҚШ-тың агрессиялы сыртқы саясаты және НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі еуропа қауіпсіздік жүйесінің бұзылуына, Азия мен Солтүстік Америкада әскери қауіптің артуына әкелді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко
Харьков маңында қолға түскен америкалық жалдамалылар – 39 жастағы Александр Дрюке мен 27 жастағы Энди Уинх өлім жазасына кесілді, бұған Ақ үй наразылық танытты. Дегенмен мұндай "еріктілер" Женева конвенциясымен қорғалмайды және әскери тұтқындар қатарына жатпайды.
9 маусымда ДХР Жоғарғы соты үш жалдамалы сарбазды – Ұлыбританияның екі азаматы мен Марокконың бір азаматын өлім жазасына кесті. Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы кезінде қолға түскен кез келген шетелдік "легионер" тура осындай жазаға тартылуы ықтимал.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 24 ақпан мен 17 маусым аралығында Украинада 530 америкалық жалдамалы жауынгердің 210-нан астамы көз жұмды. Бұл бір батальонға тең көрсеткіш. Ал Польша 378 "легионерден" айырылды. Беделді The New York Times басылымы украин оқиғасында АҚШ "шектен шығып", Ресеймен тікелей қақтығысқа кірісіп кеткенін жазды.
"Ұлыбритания Украинадағы қақтығыста бір ротадан айырылды – 422 "еріктінің" 100-ден астамы мерт болды. Ал Украина Қарулы күштерінің "шетелдік легионында" 6 956 жалдамалы жауынгердің 1 956-ы өлген. Украинадағы соғыстың сұрапылдығы 64 елден келген 1 179 "еріктіні" аман-сау тұрғанда үйлеріне қайтуға мәжбүрледі. Бүгінде Киев режимінің бақылауында 3 220 "легионер" бар", - деп жазды Хроленко.
Лондон Донецк аумағында өлім жазасына кесілген екі британға қатысты Ресейге нота жолдады.
Сарапшының пікірінше, украин дағдарысының өршуі мен ұжымдық Батыстағы экономикалық проблемалардың артуы америкалықтар мен еуропалықтардың украин президенті Владимир Зеленскийдің талап-өтінішіне баса назар аударуын бәсеңдетіп жатыр. Еуроодақ тұрғындарының жартысынан көбі антиресейлік санкциялардың салдарынан қымбатшылыққа тап болып, өмір сүру сапасы нашарлағанын қаламайды.
Хроленконың ойынша, Украинаның жеңіледі. Бірақ ірі еуропа мемлекеттері ұзақ келіссөз бен келісулер арқылы Киевке тиімсіз қару-жарақ жеткізуді жалғастырып, украин территориясы есебінен әскери қақтығыстың аяқталуына дайын болып отыр. Күні кеше НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг "Украина Ресейге өз территориясының бір бөлігін бергенде ғана бейбітшілікке қадам басуы мүмкін" деген пікір білдірді.
Қазіргі жағдайды ескеру және болашаққа талдау жүрізу арқылы Берлин, Париж бен Рим Вашингтон мен Лондон ұстанымынан сырт айналып жатыр. Бірақ басқа елдердің белсенділігі әлі бәсеңдемей тұр. Мысалы, Польша Украинаға 1200-ге жуық, Литва мен Эстония 300 жалдамалы жауынгер аттандырды. Лондонда Ұлыбритания, Польша, Литва, Латвия, Эстония және Украинадан құралатын жаңа әскери одақ құру туралы ұсыныс айтылуы кездейсоқ емес. Бұл Батыстың Ресеймен ұзақ уақытқа созылатын қақтығысқа дайындалып жатқанын аңғартады.
НАТО-ның маусымның соңында өтетін Мадридтегі саммитінде "серіктестер" стратегиялық тұжырымды өзгертіп, Ресейдді "бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" деп атап көрсетеді. Әзірше АҚШ Польша мен Литваны Ресейге қарсы "екінші майдан шебі" ретінде қолданып жатыр.
Теміржол коммуникациясын бұғаттау – шектеменің басы. Халықаралық құқық аясында бір мемлекет немесе мемлекеттер тобының құрлықтағы немесе теңіздегі шектемесі әскери агрессия актісі болып саналады. Теңіз шектемесі – соғыс уақытындағы акция. Егер ол БҰҰ Жарғысына сәйкес келмесе, онда оны қарулы агрессия ретінде қарастыруға болады.
Кремльде Литва билігінің шешімін заңсыз және негізсіз деп атап, оған қатысты шара қабылданатынын мәлімдеді. Ресейдегі Кеңес Федерациясында литвалық шектеулер Ресей егемендігіне қолсұғушылық екенін айтып, бұған қатысты "қатаң" жауап қайтарылуы ықтимал екенін мәлімдеді.
Әскери шолушы Александра Хроленконың Telegram арнасы.