Өңірлер

Шымкентте Ресей азаматы жұмбақ жағдайда жоғалды

Шымкент қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
Ол 1 маусымда Шымкенттен Мәскеуге ұшып кетуге тиіс еді
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik.Ресей азаматы Александр Кирьянов Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалды. Барлық жеке заты мен құжаты қонақүйде қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
Кирьянов қалаға мамыр айында турист болып келген. Ал 1 маусымда бөлмесінен шыққан. Содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Нұрсат шағын ауданындағы қонақүйде жеке заттарын, құжаттарды, тіпті, ұялы телефонын да қалдырып кеткен.
Lider қозғалысының еріктілері бірінші күннен бастап іздеу шараларына кіріскен. Бірақ әлі күнге нәтиже жоқ. Ал туған-туыстары ер адамның денсаулығы үшін алаңдап отыр. Александр созылмалы бүйрек ауруына және бүйрек-тас ауруына шалдыққан.
Ол 1 маусымда Шымкенттен Мәскеуге ұшып кетуге тиіс еді. Алайда ұшаққа отырған жоқ. Соңғы рет 30 мамырда байланысқа шыққан. Содан бері хабар жоқ.
"Бізге қонақүй иесінің әрекеті түсініксіз болып тұр. Ол 2 маусымда Александрдың құжаттары мен телефонын көрген. Бірақ полицияға хабар бермеді. Әкесі телефонға қоңырау шалса да, 6 маусымға дейін жауап бермеді. Біз қонақүйді тапқаннан кейін ғана полицияға хабарлап, тәртіп сақшыларын шақырды", - дейді Lider қозғалысының үйлестірушісі Людмила Герасимова.
Еріктілер Александр Кирьяновтың көрген адамдарды 8 777 679 18 24 телефонына немесе 102-ге хабар беруді сұрайды.
Жаңалықтар
0