Павлодар облысында жақында төселген асфальт стандартқа сай келмейді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
Сарапшылар жол жабындысының сапасын тексеру үшін 14 сынама алды
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Павлодар облысының Шақат ауылында жолдарға асфальт қайта төселеді.
Тексеру барысында асфальтті төсеу кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мәлімдеуінше, Павлодар ауданындағы Шақат ауылында ішкі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер бұрын асфальт болмаған М.Мәметова, Механизатор, Бейбітшілік, Әбдіков көшелеріне асфальт төсеген.
Жұмыс сапасын орталық филиалдың қызметкерлері бақылауда ұстады.
"Сарапшылар жол жабындысының сапасын тексеру үшін 14 сынама алды. Зертханалық сараптама нәтижелері бойынша 6 сынама асфальт қалыңдығы, тығыздық коэффициенті және суға қаныққандығы бойынша стандарттарға сәйкес келмейді. Өрескел ереже бұзушылыққа жол берілген және міндетті түрде түзетуді талап етеді", - деп түсіндірді сапа орталығының инженері Марат Валиев.
Жаңалықтар
0