Ақпарат министрі елдегі сөз бостандығына баға берді

© Sputnik / Владислав ВодневАсқар Омаров
Асқар Омаров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Қазақстандағы сөз бостандығын бес балдық меже бойынша 4,9 балға бағалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен 5 деген баға берер едім, бірақ сіздер сенбейсіздер ғой. Сол себепті 4,9", - деді Омаров сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министрдің пікірінше, Қазақстандағы цензура мен сөз бостандығымен байланысты жағдай ушығып тұрған жоқ. Айтуынша, журналистер спикерлерге қалаған сұрақтарын емін-еркін қоя алады.
"Міне, дәл қазір сіз мына жерде тұрып, менен сұрап жатырсыз. Егер сөз бостандығы болмаса, сіз маған сұрақ қоя алмайтын едіңіз", - деді ведомство басшысы.
Омаров министр қызметіне тағайындалғалы бірде-бір редакцияға материалды алып тастау немесе тақырыбын өзгерту туралы өтінішпен телефон шалмағанын айтты.
Жаңалықтар
0