Түркістан облысында өгей әке 8 жасар қыздың болашағына балта шапты

© Photo : Pixabay / PublicDomainPicturesАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Түркістан облысында 8 жасар қызды өгей әкесі зорлаған. Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін, оның жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Қорлық көрген жеткіншектің анасы, перзентінің бақытты балалық шағын ұрлаған азғын-әкенің қатаң жазаға тартылғанын қалайды.
Өгей әкеден қорлық көрген Әселдің анасы сұмдық жағдай 23 ақпан күні болған дейді. Оның ауруханаға кеткен сәтін пайдаланған күйеуі көрші ауылдағы бағып жүрген малын тастап, үйіне жеткен. Ер адам үшінші сыныпта оқитын жеткіншекті зорлап, қөп қан жоғалтқанына қарамастан, қызды сабаққа жіберген, деп хабарлады Otyrar.kz.
Бастапқыда "құлап қалды" деп сылтауратқанымен, артынша кешірім сұрап, азғындық әрекетін мойындапты. "Есімді білмеймін" деп ақталған жұбайының әрекетіне ашынған ана, оны қатаң түрде жазаға тартуды сұрайды.
"Оқиғаны балам да көрген. Пердені ашып қарап жылап тұрған балама "кет" деп айтқан. Соны кеше ит мойындап отыр. Ондай ит маған керек емес, қоғамға да керек емес адам ол", - дейді қыздың анасы Райхан.
Анасының айтуынша, 8 жасар қызға екі рет операция жасалған. Тік ішегін бірнеше жерден тіккен дәрігерлер ақыры жатырын алып тастауға мәжбүр болыпты. Қызымның ана болу мүмкіндігінен айрылғанын сотта естідім деген Райхан, перзентінің өгей әкеден азғындық көріп келгенін 3,5 жылдан кейін бір-ақ білгенін жеткізді.
"Анаңа айтсаң сені тұншықтырып өлтіремін, анаңды өлтіремін де, сені балалар үйіне өткізіп жіберемін. Сен үлкейгенде қатын қылып аламын" деп қорқытқан. "Мама, маған сөйтіп айтты" деп әлі күнге дейін айтады. Әлі күнге дейін шошып оянады", - дейді қыздың анасы Райхан.
Шымкенттегі арнайы орталық директоры Малика Жүсіпова өрімдей қыздардың өмірін талқандайтын жағдай тым жиілеп кеткенін айтады. Маман педофилдерге берілетін жазаны қатайту керектігін айтып, дабыл қағып отыр.
"Бұл деген сұмдық жағдай ғой. Өмірінің соңына дейін сотталу керек. Ол ауру, қайтадан қайталайды. 20 жыл педофилизмге аз уақыт", - дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.
8 жасар Әселмен қазір психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзірге болашағына балта шабылғанын қызым білмейді, ертең бойжеткенде тағдыры қалай болады дейді шарасыз ана. 3- сыныпты үздік тәмамдаған бүлдіршіннің арманы көп-ақ.
Жаңалықтар
0