https://sputnik.kz/20220622/zhumyrtqa-subsidiya-25684966.html
"Бір жұмыртқаға 3 теңге": құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді
"Бір жұмыртқаға 3 теңге": құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау көлемі артатынын хабарлады. 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T07:36+0500
2022-06-22T07:36+0500
2022-06-22T08:40+0500
жұмыртқа
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау көлемі артатынын хабарлады.Қағида 2022 жылдың 30 маусымында ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді.2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 миллиард теңге бағытталды.2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құс саны 3,7% – 47,1 миллион басқа дейін өсті.Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 миллион дананы құрады.Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіледі.
https://sputnik.kz/20220331/baga-qus-fabrika-23857924.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, субсидиялар
"Бір жұмыртқаға 3 теңге": құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінді
07:36 22.06.2022 (жаңартылды: 08:40 22.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларын субсидиялау көлемі артатынын хабарлады.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", - делінген хабарламада.
Қағида 2022 жылдың 30 маусымында ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады.
Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді.
2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 миллиард теңге бағытталды.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құс саны 3,7% – 47,1 миллион басқа дейін өсті.
Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 миллион дананы құрады.
Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіледі.