https://sputnik.kz/20220622/toqaev-abay-oblysy-akimi-25704184.html
Тоқаев Абай облысының әкімімен кездесті
Тоқаев Абай облысының әкімімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T18:30+0500
2022-06-22T18:30+0500
2022-06-22T18:30+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25704154_397:0:3544:1770_1920x0_80_0_0_0cfe7b4141037fbcedf1fa260c56b3a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.Облыс әкімі жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.Нұрлан Ұранхаев аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.Биыл 8 маусымда президенттің үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енді. Кейін мемлекет басшысы жаңа облыстардың әкімдерін тағайындады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/16/25704154_790:0:3150:1770_1920x0_80_0_0_94c9f0454d8acca9a307bd5f4b5e8c85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Абай облысының әкімімен кездесті
Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады, деп хабарлайды
Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады.
Облыс әкімі жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.
Нұрлан Ұранхаев аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.
Биыл 8 маусымда президенттің үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енді. Кейін мемлекет басшысы жаңа облыстардың әкімдерін тағайындады:
Ұлытау облысының әкімі – Берік Әбдіғалиұлы,
Абай облысының әкімі – Нұрлан Ұранхаев;
Жетісу облысының әкімі – Бейбіт Исабаев.