https://sputnik.kz/20220622/shygys-qazaqstan-tsement-vagondar-rels-25704960.html
Шығыс Қазақстанда цемент тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Шығыс Қазақстанда цемент тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында цемент тиелген тоғыз вагон рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп... 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T17:56+0500
2022-06-22T17:56+0500
2022-06-23T14:26+0500
оқиға
вагон
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:411:1200:1086_1920x0_80_0_0_ca9c0fd71423381d3ecd8e1abb7c8417.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында цемент тиелген тоғыз вагон рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысында Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болды.Компания нақтылағандай, цемент тиелген вагондар жекеменшік операторға тиесілі, оның ішінде үш вагон – ресейлік, алтауы – қазақстандық. Вагон иелеріне тергеуге қатысу үшін болған оқиға туралы хабар берілді.ҚТЖ ақпаратынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, жүк те жоғалмаған. Вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан теміржолдың 150-200 метріне зақым келді. Апат орнында қалпына келтіру жұмыстары басталды.Төтенше жағдай жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер еткен жоқ. Мән-жайды анықтау үшін ҚТЖ-да арнайы комиссия құрылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/983/04/9830462_0:298:1200:1198_1920x0_80_0_0_bc8cf6f6a69ec96ab54d1f290ce8a96d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вагон
Шығыс Қазақстанда цемент тиелген вагондар рельстен шығып кетті
17:56 22.06.2022 (жаңартылды: 14:26 23.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында цемент тиелген тоғыз вагон рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысында Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болды.
Компания нақтылағандай, цемент тиелген вагондар жекеменшік операторға тиесілі, оның ішінде үш вагон – ресейлік, алтауы – қазақстандық. Вагон иелеріне тергеуге қатысу үшін болған оқиға туралы хабар берілді.
ҚТЖ ақпаратынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, жүк те жоғалмаған. Вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан теміржолдың 150-200 метріне зақым келді. Апат орнында қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Төтенше жағдай жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер еткен жоқ. Мән-жайды анықтау үшін ҚТЖ-да арнайы комиссия құрылды.