https://sputnik.kz/20220622/oqu-agartu-ministrligi-mugalimder-qaryz-25697837.html
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалған
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалған
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша... 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T13:39+0500
2022-06-22T13:39+0500
2023-08-09T09:38+0500
жалақы
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Юлия Кучинская айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.Айтуынша, трансфертті есептеу кезінде үкімет оқушылар контингентінің жыл сайын ұлғаятынын ескеріп, еңбекақы төлеу қорын индексациялау мәселесін есепке алмаған. Салдарынан министрлік жіберген олқылық, кейін бюджетті нақтылау кезінде бұл проблеманың қозғалмауы бюджет қаражатының тапшылығына әкеп соқты."Бюджет тапшылығынан мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын әлі алған жоқ, енді біріне еңбекақы толық төленбеген. Бұған қоса, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгені құрады", - деді Кучинская.Ол мұғалімдер барлық инстанцияға мұң-мұқтажын жеткізіп жүргеніне қарамастан, министрлік үнсіз қалғанын атап өтті.Мәжіліс депутаттары оқу-ағарту министрінен бұл мәселені тез арада шешуді талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, мұғалім
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге 30 млрд теңге қарыз болып қалған
13:39 22.06.2022 (жаңартылды: 09:38 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүр. Ал еңбек демалысы мен сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Юлия Кучинская айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы күндері депутаттардың атына мектеп мұғалімдерінен арыз-шағым көп түседі. Мемлекет жалақы, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша ұстаздарға берешек болып қалған.
"Пандемиядан кейінгі күрделі оқу жылын аяқтаған соң, 1 маусымнан бастап 300 мыңға жуық мұғалім еңбек демалысына шықты. Бірақ мұғалімдердің бір бөлігі өз демалысын лайықты өткізе алмай жүр, отбасылық жоспарын белгісіз мерзімге шегеруге мәжбүр. Оған оқу-ағарту министрлігінің бюджет жоспарлау мәселесіне салғырт қарауы себеп", - деді Кучинская оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында.
Айтуынша, трансфертті есептеу кезінде үкімет оқушылар контингентінің жыл сайын ұлғаятынын ескеріп, еңбекақы төлеу қорын индексациялау мәселесін есепке алмаған. Салдарынан министрлік жіберген олқылық, кейін бюджетті нақтылау кезінде бұл проблеманың қозғалмауы бюджет қаражатының тапшылығына әкеп соқты.
"Бюджет тапшылығынан мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын әлі алған жоқ, енді біріне еңбекақы толық төленбеген. Бұған қоса, еңбек демалысы және сауықтыру ақысы бойынша берешек 30 миллиард теңгені құрады", - деді Кучинская.
Ол мұғалімдер барлық инстанцияға мұң-мұқтажын жеткізіп жүргеніне қарамастан, министрлік үнсіз қалғанын атап өтті.
Мәжіліс депутаттары оқу-ағарту министрінен бұл мәселені тез арада шешуді талап етті.