https://sputnik.kz/20220622/iim-aqzharqyn-turlybay-kudikti-25689188.html
ІІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысы бар күдікті ұсталғанын растады
ІІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысы бар күдікті ұсталғанын растады
Sputnik Қазақстан
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T10:22+0500
2022-06-22T10:22+0500
2022-06-22T10:26+0500
қоғам
ақжарқын тұрлыбай
күдікті
https://sputnik.kz/img/487/80/4878004_0:0:1024:577_1920x0_80_0_0_082ac2bfd182f27e3f2d8f6759ffce8f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматы ұсталғанын растады. Бұған дейін бұл туралы Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлаған болатын. Ол 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Адиндо Нонсо Фортуне "Джонни" шет мемлекет аумағында ұсталған. Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі күдіктіні экстрадициялау туралы сұрауды Итерполға жолдады. Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. "20 маусымда Интерполдың орталық ұлттық бюросының сұрауына сәйкес, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 2-бөлігі ("Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне Нигерияда ұсталды. Қазіргі кезде оны қамауға алу және Қазақстанға экстрадициялау бойынша Интерполға қажетті материалдар жіберілді", – делінген ресми хабарламада. Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды. 2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова көмек сұрап Қазақстан президентіне хат жазды. 2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды. Биыл мамырда Бас прокуратура Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқанын хабарлады. Бұған дейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/487/80/4878004_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_23d2e0282f225ded897a6fe07f4734ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақжарқын тұрлыбай акжаркын турлыбай
ақжарқын тұрлыбай акжаркын турлыбай
ІІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысы бар күдікті ұсталғанын растады
10:22 22.06.2022 (жаңартылды: 10:26 22.06.2022) Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматы ұсталғанын растады. Бұған дейін бұл туралы Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлаған болатын.
Ол 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Адиндо Нонсо Фортуне "Джонни" шет мемлекет аумағында ұсталған.
Қазіргі кезде ішкі істер министрлігі күдіктіні экстрадициялау туралы сұрауды Итерполға жолдады. Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"20 маусымда Интерполдың орталық ұлттық бюросының сұрауына сәйкес, Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 2-бөлігі ("Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне Нигерияда ұсталды. Қазіргі кезде оны қамауға алу және Қазақстанға экстрадициялау бойынша Интерполға қажетті материалдар жіберілді", – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ. 2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды. 2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова көмек сұрап Қазақстан президентіне хат жазды.
2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды. Биыл мамырда Бас прокуратура Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқанын хабарлады.
Бұған дейін Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлаған еді. Сонымен қатар, ол көркем әдебиет оқиды, дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған.