Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегіне билет сатыла бастады

© AP Photo / John Locher Головкин - Альварес жекпе-жегі
 Головкин - Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Жазылу
Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, бұл шамамен 137 000 теңге
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің үшінші жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Бұл туралы жекпе-жекті ұйымдастырып жатқан британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми түрде хабарлады. Жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.
Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, бұл шамамен 137 000 теңге.
Бірінші жекпе-жекте 27 миллион долларға (бокс тарихындағы үшінші), ал екіншісінде 23 миллион долларға билет сатылды.
Боксшылардың бұған дейінгі екі жекпе-жегі де T-Mobile Arena-да өтті, төрешілердің шешімімен 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті.
Жаңалықтар
0