https://sputnik.kz/20220622/energetikalyq-susyndar-konservant-25688198.html
Энергетикалық сусындардағы консервант нормадан асып кеткен
Энергетикалық сусындардағы консервант нормадан асып кеткен
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Қазақстанның санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті энергетикалық сусындардағы консервант – натрий бензоатының рұқсат... 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T09:47+0500
2022-06-22T09:47+0500
2022-06-22T09:48+0500
энергетикалық сусын
https://sputnik.kz/img/648/28/6482809_0:188:1921:1268_1920x0_80_0_0_de73ba220f185940fb22dcf0a24def77.jpg
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Қазақстанның санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті энергетикалық сусындардағы консервант – натрий бензоатының рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін анықтады.Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жасау қорытындысы бойынша Қостанай облысының сауда желісінде сатылып жатқан "Кофеинмен және тауринмен Flash up energy" (163,3 мг/л) және "Monster Energy" (173,72 мг/л) энергетикалық сусындарында натрий бензоатының (Е211) шекті мөлшерден артқаны белгілі болды.Сусындарды "Балтика" сырақайнату компаниясы" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Refresco Benelux B.V" (Нидерланды Корольдігі) компаниясы өндіреді. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қоспалар консервант ретінде қолданылады.Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.Натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін, бұл әсіресе жасөспірімдерге өте қауіпті.Комитет Ресейдің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне" (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/648/28/6482809_33:0:1746:1285_1920x0_80_0_0_09348552d3ed28b1d42df2702e14396a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
энергетикалық сусын
АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Қазақстанның санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитеті энергетикалық сусындардағы консервант – натрий бензоатының рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін анықтады.
Өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жасау қорытындысы бойынша Қостанай облысының сауда желісінде сатылып жатқан "Кофеинмен және тауринмен Flash up energy" (163,3 мг/л) және "Monster Energy" (173,72 мг/л) энергетикалық сусындарында натрий бензоатының (Е211) шекті мөлшерден артқаны белгілі болды.
Сусындарды "Балтика" сырақайнату компаниясы" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) және "Refresco Benelux B.V" (Нидерланды Корольдігі) компаниясы өндіреді. Азық-түлікті ұзақ уақыт сақтау үшін тағамдық қоспалар консервант ретінде қолданылады.
Өнімдер партиясы сатылымнан шығарылды, ал жеткізушіге ішімдіктерді айналымынан алып тастау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
"Жүктілік кезінде құрамында натрий бензоаты бар тағамдар мен сусындарды қолдануға болмайды, өйткені бұл зат аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда консерванттың мөлшерден асуы локализацияланған қышу, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну сияқты жеңіл белгілерді тудыруы мүмкін", – деп хабарланды коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында.
Натрий бензоаты организмде жиналуы мүмкін, бұл әсіресе жасөспірімдерге өте қауіпті.
Комитет Ресейдің "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау қызметіне" (Роспотребнадзор) осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді.