Доллар бір тәулікте шамамен 6 теңгеге қымбаттады

© Sputnik / Абзал КалиевДоллар, иллюстративное фото
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2022
Жазылу
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы – 447,31 теңге
АЛМАТЫ, 22 маусым — Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 454,11 теңгені құрады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы – 447,31 теңге. Бұл Ұлттық банктің 22 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады.
Осылайша шетелдік валюта бір тәулікте 5,79 теңгеге қымбаттады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша рубльдің орташа бағамы 8,4 теңгені құрады.
Айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 453 теңгеге сатып алып, 458-459 теңгеден сатып жатыр. ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 109,7 долларды құрайды.
Жаңалықтар
0