https://sputnik.kz/20220622/20-gektar-ormandy-ort-sharpydy-25685354.html
Шығыс Қазақстанда 20 гектар орманды өрт шарпыды
Шығыс Қазақстанда 20 гектар орманды өрт шарпыды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерватында ірі табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше... 22.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-22T08:01+0500
2022-06-22T08:01+0500
2022-06-22T08:29+0500
орман өрті
шығыс қазақстан
https://sputnik.kz/img/1368/34/13683493_0:45:3504:2016_1920x0_80_0_0_083f65350376f16668f326d270e6548f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерватында ірі табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Кеше сағат 18.45-те Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі Грачев орман шаруашылығы Долон филиалының аумағында құрғақ шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 гектарды құрады.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт елді мекендерге қауіп төндірмеген.Жалынды сөндіруге 11 өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 30 қызметкері жұмылдырылды. Оларға көмекке Семейден 18 адам мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы аттанды.Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында отбасылық демалыс кезінде ірі өрт шыққан болатын. Салдарынан 300 гектар орман, бірнеше тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Оқиғаға кінәлі деп танылған жергілікті тұрғын екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған ірі көлемде – 125 миллион теңге айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20220527/orman-kauap-ayyppul-25110856.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1368/34/13683493_97:0:2785:2016_1920x0_80_0_0_02506d169bc8e62cc2c00b6a97f4062c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орман өрті, шығыс қазақстан
орман өрті, шығыс қазақстан
Шығыс Қазақстанда 20 гектар орманды өрт шарпыды
08:01 22.06.2022 (жаңартылды: 08:29 22.06.2022) НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерватында ірі табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кеше сағат 18.45-те Жетіжар ауылынан 30 шақырым жердегі Грачев орман шаруашылығы Долон филиалының аумағында құрғақ шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 гектарды құрады.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт елді мекендерге қауіп төндірмеген.
Жалынды сөндіруге 11 өрт сөндіруші мен орман шаруашылығының 30 қызметкері жұмылдырылды. Оларға көмекке Семейден 18 адам мен төрт өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ жылжымалы байланыс торабы аттанды.
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында отбасылық демалыс кезінде ірі өрт шыққан болатын. Салдарынан 300 гектар орман, бірнеше тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты. Оқиғаға кінәлі деп танылған жергілікті тұрғын екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ оған ірі көлемде – 125 миллион теңге айыппұл салынды.