Щучинскте жүздеген адам үйге тығылған зейнеткерді шығаруды талап етті

© AFP 2024 / Loic VenanceАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Щучинск қаласында жүздеген адам үйге тығылған зейнеткерді шығаруды талап етті. Ақмола облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Видеода көпқабатты үйдің ауласында біраз адам жиналғаны көрініп тұр. Бірнеше полиция көлігі тұр. Біреуі кірберісті жауып қойған.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 16 маусым күні кешкі сағат 17:46-да Бурабай аудандық полиция бөліміне әйел адам хабарласып, бір аулада тұратын ер адамның әрекетіне арызданған. 9 жастағы қызы ол кісінің массаж жасап бергенін айтқан. Үйге бірден полицейер мен прокурорлар барды. Құтқарушылар да келді.
"1959 жылы туған ер адам шынымен де сол аулада тұрады екен. Бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін істі болған. Психиатр мен наркологтың есебінде тұрмайды. Көршілері ер адамның балалармен жиі араласатынын айтты. Ал кәмелет жасқа толмаған қыздар оның массаж істеп берейін деп келетінін растады", - дейді полицейлер.
Осы жағдайдан кейін үйдің ауласында 80-100 адам жиналып, күдікке ілінген зейнеткерді шығаруды талап етті.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Оқиға
Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлау оқиғасы - сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0