Экономика

Қазақстандықтар салмағы 10 г алтын құймаларын көп сатып алады – Ұлттық банк

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Биыл мамыр айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 92,7 келі 3 316 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтарға алтын құймалардың бес түрі ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г.
"Сатып алушылар арасында 10 грамдық алтын құйма ең көп сұранысқа ие. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 24 493 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма көп сатылады – 20 385 дана (22%), 5 грамдық құймадан 19 468 дана (20%), 100 грамдық құймадан 18 679 дана (20%), 50 грамдық құймадан 11 520 дана (12%) сатылды", - делінген хабарламада.
Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.
Айта кетері, халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,2 тоннаға жуық 94 545 алтын құйма сатылған.
Ұлттық банктің мәліметінше, алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2021
Экономика
Құнын жоғалтпайды: сарапшы дағдарыс кезінде неге алтын сатып алу керек екенін айтты
Бағдарлама басталғаннан бері қазақстандықтар жалпы салмағы 330 келі 13 692 алтын құйманы банктерге кері сатқан. Кері сатып алынған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.
Әр құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапта шығады, сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты да бола алады. Сондықтан алтын құйманы ұқыппен сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз, деді Ұлттық банктегілер.
Жаңалықтар
0