https://sputnik.kz/20220621/qazaqstan-zhumys-berushiler-maman-izdeydi-25667283.html
Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздейді
Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздейді
Sputnik Қазақстан
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға құқылы 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T12:13+0500
2022-06-21T12:13+0500
2022-06-21T12:13+0500
жұмыс
жұмыспен қамту
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_0:224:4001:2474_1920x0_80_0_0_6bfd1048052e591acf962740d8c79102.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Ведомство хабарлауынша, 27-29 маусым күндері Электрондық еңбек биржасында қазақстандық компаниялардың HR-менеджерлері өз мекемесін таныстырады. Тіркелу үшін порталдың басты бетіндегі жәрмеңке баннерін басып, өтінім беру керек. Онда жәрмеңкеге қатысу ережелерімен және бағдарламасымен танысуға болады.Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілер онлайн-таныстырылым өткізіп, өздерінің компаниясы, еңбек жағдайы, бос жұмыс орындары және өзге де ақпарат туралы айтып береді."Жәрмеңкеде 1300-ден астам бос жұмыс орнын Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының құрамындағы компаниялар, "Kaspi.kz", "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Ernst & Young Kazakhstan" ЖШС, "Евразия групп Қазақстан" ЖШС, "Magnum Cash & Carry" ЖШС, "Бірінші несие бюросы" ЖШС және басқа да компаниялар ұсынады", - деп хабарлады министрлік.Қатысушылар компаниялардағы бос орындарға қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемесін жібере алады. Сондай-ақ, алдын ала өтінім бойынша қатысушылардың тізімі жасалады, олар компанияның HR-менеджерімен онлайн сұхбаттаса алады.Электрондық еңбек биржасындағы онлайн-жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бірлесіп ұйымдастырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_202:0:3797:2696_1920x0_80_0_0_ecd16d1338dd7d81b349071044ac14bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыс, жұмыспен қамту
Қазақстанның ірі жұмыс берушілері маман іздейді
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға құқылы
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қазақстанның ірі жұмыс берушілері жастарға арналған алғашқы бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесіне қатысады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство хабарлауынша, 27-29 маусым күндері Электрондық еңбек биржасында қазақстандық компаниялардың HR-менеджерлері өз мекемесін таныстырады.
"Олардан әр үміткер өзін қызықтырған ақпаратты сұрай алады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 18-35 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы қатысуға құқылы. Ол үшін Enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет", - делінген хабарламада.
Тіркелу үшін порталдың басты бетіндегі жәрмеңке баннерін басып, өтінім беру керек. Онда жәрмеңкеге қатысу ережелерімен және бағдарламасымен танысуға болады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілер онлайн-таныстырылым өткізіп, өздерінің компаниясы, еңбек жағдайы, бос жұмыс орындары және өзге де ақпарат туралы айтып береді.
"Жәрмеңкеде 1300-ден астам бос жұмыс орнын Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының құрамындағы компаниялар, "Kaspi.kz", "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, "Ernst & Young Kazakhstan" ЖШС, "Евразия групп Қазақстан" ЖШС, "Magnum Cash & Carry" ЖШС, "Бірінші несие бюросы" ЖШС және басқа да компаниялар ұсынады", - деп хабарлады министрлік.
Қатысушылар компаниялардағы бос орындарға қызығушылық танытқан жағдайда түйіндемесін жібере алады. Сондай-ақ, алдын ала өтінім бойынша қатысушылардың тізімі жасалады, олар компанияның HR-менеджерімен онлайн сұхбаттаса алады.
Электрондық еңбек биржасындағы онлайн-жәрмеңкені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ бірлесіп ұйымдастырды.