https://sputnik.kz/20220621/mayiti-ozen-tergeu-bastaldy-25670726.html
Бір апта бұрын жоғалған жігіттің мәйіті өзен жағасынан табылды – тергеу басталды
Бір апта бұрын жоғалған жігіттің мәйіті өзен жағасынан табылды – тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T14:03+0500
2022-06-21T14:03+0500
2022-06-21T14:03+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_0:126:3073:1854_1920x0_80_0_0_8902b2e6f17e11913713e594085f1d58.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Оны құрылыс сайманымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.13 маусымда Темір аудандық полиция бөліміне жас жігіттің жоғалғаны туралы хабар түсті. Анасы шыр айналып, баласын табал алмады. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Жас жігіттің мәйіті Ойық өзенінің жағасынан табыды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Айта кетері, адам өлтіргені үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820582_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_b497ed43bf7b752b5850cfc35269514c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Бір апта бұрын жоғалған жігіттің мәйіті өзен жағасынан табылды – тергеу басталды
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Оны құрылыс сайманымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
13 маусымда Темір аудандық полиция бөліміне жас жігіттің жоғалғаны туралы хабар түсті. Анасы шыр айналып, баласын табал алмады. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Жас жігіттің мәйіті Ойық өзенінің жағасынан табыды.
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды.
"Екі достың арасында жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласты. Сол кезде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен бірнеше рет ұрған. Сосын автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастады. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Айта кетері, адам өлтіргені үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.