https://sputnik.kz/20220621/mangystau-oblysyn-ush-birdey-auyldy-qum-basty-25667854.html
Маңғыстау облысында үш бірдей ауылды құм басты
Маңғыстау облысында үш бірдей ауылды құм басты
Sputnik Қазақстан
Соңғы жылдары құм көшкіні үдеп кеткен 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T12:44+0500
2022-06-21T12:44+0500
2022-06-21T12:44+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/old/522/67/5226760_0:75:800:525_1920x0_80_0_0_1728d64978baf53c5802989533aa115a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында үш ауылдың тұрғындары құмның құрсауынан шыға алмай отыр. Кіреберіс жолдар, тіпті, кейбір баспаналар мен мал қоралар көміліп қалған. Ал құзырлы мемлекеттік мекеме бес жылдан бері дайын жобаны іске асырмай келеді, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы. Сазды ауылы аудан орталығынан 90 шақырым шалғай орналасқан. Алайда тұрғындар құмды өз күшімен күреп, техниканың ақысын да төлеп отыр. Зейнеткер Балиян Әбуова онсыз да жаңа қорасын салғаны үшін екі жылқымды бердім дейді. Енді, құмды күреу үшін ақша төлеп отыру керек. Саздыдан бөлек Сауысқан және Жарма ауылдары да құмның астында қалды. Тұрғындар құм көшкінінің негізгі себебін жер асты суының игерілуімен байланыстырып отыр. "Мына Сауысқан деген кен орны бар аулымыздан Жаңаөзенге су айдап отырған. Су айдап отқанына 50 жыл болды ғой Сауысқанның. Сол астының суы ортайғасын мына құм дейтін көшіп ауылымызды басып қалды. Үйлерімізді басып қалды", - дейді Сазды ауылының тұрғыны Айдарбек Көркембаев. Соңғы жылдары құм көшкіні үдеп кеткен. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Сүйіндік Еңсепов жерасты сулараның жақын екенін растады. Соның арқасында шөп жақсы өседі. Бес жыл бұрын үш ауылдағы құм көшкінін тоқтату үшін арнайы жоба әзірленген болатын. Құны-422 млн теңге. Оның аясында құм қоршалып, сексеуіл мен жүзген егілуі тиіс еді. Алайда, қаржы бөлінбей қалды. Қазір қаржы бар бірақ, мердігер жоқ. Себебі, нарықтағы баға шарықтап кеткен. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының бөлім басшысы Ербол Деновтың айтуынша, 2022 жылға облыстық бюджеттен ақша бөлінді. "1,2,3 ші жылға 256 млн теңге қарастырылған. Сол бойынша біз жыл басынан бері 4 рет конкурс жариялаған болатынбыз. Өкінішке орай ешқандай конкурсқа қатыспады, өтпеді деп танылды", - деп атап көрсетті Денов. Мамандар алда тағы да конкурс жариялауды жоспарлап отыр. Одан нәтиже болмаса, жобаға түзету енгізілмек. Құм көшкінін тоқтату жұмыстарын жылдың аяғына дейін басталады деген жоспар бар.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/522/67/5226760_0:0:800:600_1920x0_80_0_0_9f6907e962f7d2d3fa95374bfbea8f8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында үш бірдей ауылды құм басты
Соңғы жылдары құм көшкіні үдеп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында үш ауылдың тұрғындары құмның құрсауынан шыға алмай отыр. Кіреберіс жолдар, тіпті, кейбір баспаналар мен мал қоралар көміліп қалған.
Ал құзырлы мемлекеттік мекеме бес жылдан бері дайын жобаны іске асырмай келеді, деп хабарлайды
Qazaqstan арнасы.
Сазды ауылы аудан орталығынан 90 шақырым шалғай орналасқан. Алайда тұрғындар құмды өз күшімен күреп, техниканың ақысын да төлеп отыр. Зейнеткер Балиян Әбуова онсыз да жаңа қорасын салғаны үшін екі жылқымды бердім дейді. Енді, құмды күреу үшін ақша төлеп отыру керек.
"Соны зорға күретіп мынадай қылып тас үй салып алдық енді қораны. Бірақ бержағын басып жатыр қайта-қайта соны ақшаға күретіп отырмыз енді. бір күретуіміздің өзі 500-600 мыңға шығады. Оған біз көп ақша таба алмаймыз", - дейді Әбуова.
Саздыдан бөлек Сауысқан және Жарма ауылдары да құмның астында қалды. Тұрғындар құм көшкінінің негізгі себебін жер асты суының игерілуімен байланыстырып отыр.
"Мына Сауысқан деген кен орны бар аулымыздан Жаңаөзенге су айдап отырған. Су айдап отқанына 50 жыл болды ғой Сауысқанның. Сол астының суы ортайғасын мына құм дейтін көшіп ауылымызды басып қалды. Үйлерімізді басып қалды", - дейді Сазды ауылының тұрғыны Айдарбек Көркембаев.
Соңғы жылдары құм көшкіні үдеп кеткен. Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Сүйіндік Еңсепов жерасты сулараның жақын екенін растады. Соның арқасында шөп жақсы өседі. Бес жыл бұрын үш ауылдағы құм көшкінін тоқтату үшін арнайы жоба әзірленген болатын. Құны-422 млн теңге.
Оның аясында құм қоршалып, сексеуіл мен жүзген егілуі тиіс еді. Алайда, қаржы бөлінбей қалды. Қазір қаржы бар бірақ, мердігер жоқ. Себебі, нарықтағы баға шарықтап кеткен.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғау басқармасының бөлім басшысы Ербол Деновтың айтуынша, 2022 жылға облыстық бюджеттен ақша бөлінді.
"1,2,3 ші жылға 256 млн теңге қарастырылған. Сол бойынша біз жыл басынан бері 4 рет конкурс жариялаған болатынбыз. Өкінішке орай ешқандай конкурсқа қатыспады, өтпеді деп танылды", - деп атап көрсетті Денов.
Мамандар алда тағы да конкурс жариялауды жоспарлап отыр. Одан нәтиже болмаса, жобаға түзету енгізілмек. Құм көшкінін тоқтату жұмыстарын жылдың аяғына дейін басталады деген жоспар бар.