Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсон облысының Ресейге қосылуы туралы референдум күзде өтеді

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуПовседневная жизнь в Херсоне
Повседневная жизнь в Херсоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Херсон облысының Ресейге қосылуы бойынша референдум биыл күзде өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне аймақтың әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов.
"Референдум биыл өтеді. Күзге жоспарланып отыр", - деді ол.
Оның айтуынша, нақты мерзім әлі белгіленген жоқ.
"Біз референдумға дайындалып жатырмыз. Ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Референдум өткеннен кейін біз Ресей Федерациясының толыққанды субъектісі боламыз. Өзімізді Ресейдің толыққанды азаматы ретінде сезінуімізге өте аз уақыт қалды. Біз Қырым саған жолмен жүріп келеміз", - деді Стремоусов.
Оның айтуынша, референдумға дайындықпен қатар өңірде әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатты реттеу жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорындар мен банк жүйесі іске қосылып жатыр. Сондай-ақ жалақы, әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыны рубльмен төлеу басталды.
Арнайы операция кезінде Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады.
Жаңалықтар
0