https://sputnik.kz/20220621/frantsiyanyn-eks-prezidenti-ukrainadagy-qaqtygys-turaly-kitap-shygarady-25920088.html
Францияның экс-президенті Украинадағы қақтығыс туралы кітап шығарады
Францияның экс-президенті Украинадағы қақтығыс туралы кітап шығарады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Украинадағы әскери қақтығыс туралы кітап шығарады, деп хабарлады РИА Новости... 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T07:16+0500
2022-06-21T07:16+0500
2022-07-04T10:16+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
кітап
https://sputnik.kz/img/565/83/5658340_0:0:2017:1134_1920x0_80_0_0_d9d44fdc468161b898a9a9e288e04814.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Украинадағы әскери қақтығыс туралы кітап шығарады, деп хабарлады РИА Новости BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.Экс-президенттің жаңа кітабы "Негіздерді бұзу: жаңа әлемдік тәртіпті қабылдау" (Bouleversements: pour comprendre le nouvel ordre mondial) деп аталады.Ол 7 қыркүйекте кітап дүкендеріне түседі деп күтіліп отыр. Оның мазмұны қазіргі Украинадағы оқиғалар мен олардың салдарына геосаяси талдауға арналған."Демократия құлдырап, алға басып келе жатқан тирания оларға қауіп төндіріп тұр ма? Еуропа, Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы жаңа билік қатынастары қандай? Империялардың қайта өрлеуі жаһандық тепе-теңдікке қалай әсер етеді?" – деп автор кітаптың кейбір тезистерін келтіреді."Негіздерді бұзу" Олландтың 2017 жылы мамырда биліктен кеткеннен кейінгі бесінші кітабы болмақ. Бұған дейін ол өзінің елге билік ету туралы естелік кітабын, екі саясаттану зерттеуін және комикс кітабын шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/565/83/5658340_21:0:1816:1346_1920x0_80_0_0_95bd77008e0608b49dd016bd12fbdf71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітап
Францияның экс-президенті Украинадағы қақтығыс туралы кітап шығарады
07:16 21.06.2022 (жаңартылды: 10:16 04.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Украинадағы әскери қақтығыс туралы кітап шығарады, деп хабарлады
РИА Новости BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.
Экс-президенттің жаңа кітабы "Негіздерді бұзу: жаңа әлемдік тәртіпті қабылдау" (Bouleversements: pour comprendre le nouvel ordre mondial) деп аталады.
Ол 7 қыркүйекте кітап дүкендеріне түседі деп күтіліп отыр. Оның мазмұны қазіргі Украинадағы оқиғалар мен олардың салдарына геосаяси талдауға арналған.
"Демократия құлдырап, алға басып келе жатқан тирания оларға қауіп төндіріп тұр ма? Еуропа, Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы жаңа билік қатынастары қандай? Империялардың қайта өрлеуі жаһандық тепе-теңдікке қалай әсер етеді?" – деп автор кітаптың кейбір тезистерін келтіреді.
"Негіздерді бұзу" Олландтың 2017 жылы мамырда биліктен кеткеннен кейінгі бесінші кітабы болмақ. Бұған дейін ол өзінің елге билік ету туралы естелік кітабын, екі саясаттану зерттеуін және комикс кітабын шығарды.