Экологтар Каспий теңізінде суқұзғындардың жаппай қырылуының болжамды себебін айтты

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуБакланы
Бакланы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Біраз бұрын өңір тұрғындары Баутино және Аташ ауылдарындағы айлақ жағалауларында қырылып жатқан құстарды видеоға түсіріп алды
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Форт-Шевченко ауданында 160-қа жуық өлі суқұзғын табылды. Экологтар жабайы құстардың жаппай қырылуының болжамды себебін айтты, деп хабарлады "Лада" басылымы.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының аңшылық бөлімінің басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, сарапшылар құс өлекселерінен адам күшінің әсерінің ізін таппаған.
"Бұл құс Қызыл кітапқа енбеген, оны ауламайды да. Адамдардың бұған қатысы жоқ, экологияға байланысты болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар. Экологтар судың, ауаның және өлексе материалдардың үлгілерін алды. Нәтижесі дайын болған кезде біз міндетті түрде хабарлаймыз. Құстардың өлімі екі-үш күн бұрын болған қатты дауылмен байланысты деп есептейміз", - деп түсіндірді Тұрғанбай Шапағатов.
Біраз бұрын өңір тұрғындары Баутино және Аташ ауылдарындағы айлақ жағалауларында қырылып жатқан құстарды видеоға түсіріп алды. Осыдан кейін оқиға орнына бірнеше ведомствоның мамандары жетті.
Суқұзғындар – суқұзғынтектестер тұқымдасы жататын теңіз құстары. Тропикалық және қоңыржай климатта үлкен биологиялық түрлілігімен бүкіл әлемде кеңінен таралған. Олар құрлықтар мен аралдардың теңіз жағалауларында, сондай-ақ өзендердің, көлдердің жағалауында және сулы-батпақты алқаптарда тіршілік етеді.
Жаңалықтар
0