Оқиға

Екібастұзда жасөспірімді қағып кеткен автобус жүргізушісіне қатысты үкім шықты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус, архивтегі сурет
Автобус, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ауыр зақым келген
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Екібастұздық автобус жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткені үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
Жол апатының салдарынан кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ауыр зақым келген. Сонымен қатар, сараптама көрсеткендей, автобус жүргізушісі есірткі қабылдаған.
Сот талқылауы барысында жәбірленуші тарап материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап арызымен жүгінді. Бірінші инстанция талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды.
Алайда Екібастұз қаласы прокуратурасының талабы бойынша облыстық сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, жәбірленуші тараптың материалдық және моральдық зиянды өтеу құқығын қалпына келтірді.
 автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Нұр-Сұлтанда жолаушы автобустың тас-талқанын шығарды – видео
Жаңалықтар
0