БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын – Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев Қатар экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясына қатысты
Тоқаев Қатар экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Тіпті "Қырғи-қабақ соғыс" кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді, деді Қазақстан президенті
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар экономикалық форумының "In Conversation with President Tokayev" атты арнайы панельдік сессиясына қатысты. Жиынға "Bloomberg Television" жүргізушісі Манус Крэнни модераторлық жасады, деп хабарлады Ақорда.
Сұрақ-жауап форматында өткен ашық талқылау барысында Қазақстан президенті халықаралық саясаттағы сын-қатерлер бойынша, әсіресе Еуропада болып жатқан геосаяси текетірестер аясында Ресей-Украина қақтығыстары төңірегіндегі оқиғаларға қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.
Ресей-Украина қақтығысын бейбіт жолмен шешу жолдарына қатысты сұраққа жауап берген Қазақстан президенті келіссөздерді жалғастыра берудің маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл қақтығысты шешуге тараптардың ерік-жігері қажет. Сонымен қатар мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықтағы пікір қайшылығы мен аталған мәселені шешуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қауқарсыздық танытып отырғанына тоқталды.
"БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті "Қырғи-қабақ соғыс" кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент Ресейге салынған ауыр санкциялық саясат салдарынан Қазақстан қандай экономикалық зардап шегуі мүмкін деген модератордың сұрақтарына жауап берді.
Ашық әңгіме барысында әлемдік энергетика нарығында қалыптасқан қазіргі жағдайға, халықаралық сауда мәселесіне байланысты ғаламдық сын-қатерлер де талқыланды.
Жаңалықтар
0