https://sputnik.kz/20220621/atyrau-zhanzhaldasqan-zhankuyerler-25669329.html
Атырауда жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұл арқалады
Атырауда жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
Айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T13:54+0500
2022-06-21T13:54+0500
2022-06-21T13:54+0500
атырау
жанкүйерлер
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23093311_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_39c0d906d548023c7fde58d7c5fd5a70.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. "Атырау" - "Ақтөбе" футбол матчы басталар алдында "Мұнайшы" стадионы маңында қос команда жанкүйерлері арасында болған төбелеске қатысушылар айыппұл арқалады.Қатысушылардың екеуіне 15 315 теңге, қалғандарына 10 721 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады atpress.kz.Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары."Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Олардың жасаған әрекетіне өкінгені, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының полицейлері "Атырау" - "Ақтөбе" командаларының футбол матчына дейін жаппай төбелеске қатысқаны үшін отыз адамды ұстады.Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске ұласқан жанжал 19 маусымда кешкі сағат 18:00-де "Атырау" - "Ақтөбе"командалары арасындағы матч басталар алдында болған.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23093311_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_fca77c6d3c53392f98670543dffe00da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, жанкүйерлер
Атырауда жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұл арқалады
Айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. "Атырау" - "Ақтөбе" футбол матчы басталар алдында "Мұнайшы" стадионы маңында қос команда жанкүйерлері арасында болған төбелеске қатысушылар айыппұл арқалады.
Қатысушылардың екеуіне 15 315 теңге, қалғандарына 10 721 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады
atpress.kz.Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары.
"Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Олардың жасаған әрекетіне өкінгені, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының полицейлері "Атырау" - "Ақтөбе" командаларының футбол матчына дейін жаппай төбелеске қатысқаны үшін отыз адамды ұстады.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелеске ұласқан жанжал 19 маусымда кешкі сағат 18:00-де "Атырау" - "Ақтөбе"командалары арасындағы матч басталар алдында болған.