https://sputnik.kz/20220621/atyrau-tenge-zhoba-25665031.html
Атырауда 2 млрд теңге жұмсалған жоба жиырма жылдан бері пайдасыз болып тұр
Атырауда 2 млрд теңге жұмсалған жоба жиырма жылдан бері пайдасыз болып тұр
Sputnik Қазақстан
Он бес шақырымға созылған каналдың мәселесі көптен бері талқыланып жатыр 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T11:01+0500
2022-06-21T11:01+0500
2022-06-21T11:01+0500
өңірлер
атырау
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23883581_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_65b551374ac98cc8a436e56f7b24708a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Атырауда дренажды канал жобасы сәтсіз болып шықты. Оған жергілікті бюжеттен екі миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды Atameken Business порталы.Канал топырақтағы тұзды азайтып, айналадағы микроклиматты жақсартады деген жоспар болған. Алайда жоба сәтсіз болып шықты. 20 жыл өтсе де, тұзды суды бұрып әкетуге арналған құрылыс нысанынан еш пайда жоқ.Бүгінде "Ерик мостовой" деп аталатын каналда ағызатын сулар жиналып, күл-қоқыс үйіліп қалған. Атырау қаласы арқылы өтетін каналдың құрылысы 2000 жылы басталған болатын. Содан бері 20 жыл өтсе де, пайдасынан зияны көп сияқты. Каналдың бойында тұратын адамдар жасыл желекті көріп отырған жоқ. Жоба авторлары каналда жерасты тұзды сулар жиналады деп жоспарлаған. Ал Жайық өзенінің ағынды сулары оны ары қарай алып кетуге тиіс еді. Алайда канал өзеннің деңгейінен жоғары болып шықты, су өздігімен ақпай қалды. Каналды көміп тастауға да ұсыныс болған. Алайда экологияны қорғап жүрген белсенділер мәселені басқа жолмен шешу керек деп санайды. "Өзеннің жанында екі жақтан сорғыларды орнату керек. Одан кейін каналдарды өзен арнасымен қосу қажет. Сонда су ағатын жерді өзі тауып алады. Каналды көміп тастауға болмайды", - дейді Арман Хайруллин. 15 шақырымға созылған каналдың мәселесі көптен бері талқыланып жатыр. Былтыр жергілікті билік халық арасында сауалнама өткізіп, ұсыныс жинаймыз деген. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім жоқ.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23883581_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_48834e49994ff07a049dd5193930d947.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, теңге
Атырауда 2 млрд теңге жұмсалған жоба жиырма жылдан бері пайдасыз болып тұр
Он бес шақырымға созылған каналдың мәселесі көптен бері талқыланып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Атырауда дренажды канал жобасы сәтсіз болып шықты. Оған жергілікті бюжеттен екі миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлайды
Atameken Business порталы.
Канал топырақтағы тұзды азайтып, айналадағы микроклиматты жақсартады деген жоспар болған. Алайда жоба сәтсіз болып шықты. 20 жыл өтсе де, тұзды суды бұрып әкетуге арналған құрылыс нысанынан еш пайда жоқ.
Бүгінде "Ерик мостовой" деп аталатын каналда ағызатын сулар жиналып, күл-қоқыс үйіліп қалған. Атырау қаласы арқылы өтетін каналдың құрылысы 2000 жылы басталған болатын. Содан бері 20 жыл өтсе де, пайдасынан зияны көп сияқты. Каналдың бойында тұратын адамдар жасыл желекті көріп отырған жоқ.
"Каналдан келетін иіс сасып тұр. Ылғи бірдеңе шіріп жатады. Ол жақтан шыбын-шіркей мен маса қаптап келеді. Кешке қарай серуенге шыға алмайсың", - дейді қала тұрғыны Әсем Индирова.
Жоба авторлары каналда жерасты тұзды сулар жиналады деп жоспарлаған. Ал Жайық өзенінің ағынды сулары оны ары қарай алып кетуге тиіс еді. Алайда канал өзеннің деңгейінен жоғары болып шықты, су өздігімен ақпай қалды. Каналды көміп тастауға да ұсыныс болған. Алайда экологияны қорғап жүрген белсенділер мәселені басқа жолмен шешу керек деп санайды.
"Өзеннің жанында екі жақтан сорғыларды орнату керек. Одан кейін каналдарды өзен арнасымен қосу қажет. Сонда су ағатын жерді өзі тауып алады. Каналды көміп тастауға болмайды", - дейді Арман Хайруллин.
15 шақырымға созылған каналдың мәселесі көптен бері талқыланып жатыр. Былтыр жергілікті билік халық арасында сауалнама өткізіп, ұсыныс жинаймыз деген. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім жоқ.