https://sputnik.kz/20220621/amerikalyq-baq-ukrainada-aqsh-azamatynyn-qaytys-bolganyn-khabarlady-25920333.html
Америкалық БАҚ Украинада АҚШ азаматының қайтыс болғанын хабарлады
Америкалық БАҚ Украинада АҚШ азаматының қайтыс болғанын хабарлады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. АҚШ азаматы Стивен Забельски Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Washington... 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T10:20+0500
2022-06-21T10:20+0500
2022-07-04T10:20+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24480683_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_485a832c607cea050d1fa3ec78525aad.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. АҚШ азаматы Стивен Забельски Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Washington Post газетіне сілтеме жасап.Марқұмның туыстары жергілікті басылымдардың бірінде некролог жазып, Американың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Мемлекеттік департамент те растады. "Осылайша, ол кем дегенде осы соғыста қаза тапқан екінші Америка азаматы болды", - деп жазады Washington Post.Марқұмның туыстары жергілікті басылымдардың бірінде некролог жазды, сондай-ақ америкалықтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Мемлекеттік департамент те растады. "Осылайша, ол кем дегенде осы соғыста қаза тапқан екінші Америка азаматы болды", - деп жазады Washington Post.Газеттің хабарлауынша, Украинада қайтыс болған алғашқы америкалық Вилли Джозеф Кансел болды. Оның көз жұмғаны туралы маусымның басында белгілі болды, деп жазады WP.Басылым 52 жастағы Забельскидің Нью-Йорк штатының тумасы екенін жазды. Ол 15 мамырда Дорожнянка ауылы маңындағы ұрыс кезінде қаза тапты. Үйінде ер адамның артында әйелі мен асырап алған бес баласы қалды.Мемлекеттік департаменттегі дереккөздің газетке хабарлауынша, оқиғадан кейін департамент марқұмның отбасымен байланысқа шығып, "барлық қажетті консулдық көмек" көрсеткен. Алайда ақпарат ұсынған азамат "осындай қиын уақытта отбасына құрметпен қарауды жөн көріп", бұл іске қатысты толығырақ мәлімет беруден бас тартты.Бұған дейін Telegraph британ басылымы ресейлік әскерилер Харьков маңында Киев жағында соғысқан екі америкалық жалдамалы жауынгерді қолға түсіргенін хабарлаған. Газеттің хабарлауынша, 39 жастағы Александр Дрюке мен 27 жастағы Энди Хюйн ресейлік әскерилердің тұтқынына түскен алғашқы америкалықтар болып саналады. Мемлекеттік департамент америкалықтардың тұтқынға алынғаны туралы расталмаған ақпарат бар екенін және олардың отбасыларымен, Украина билігімен және Қызыл Крестп ұйымымен тығыз байланыста тұтқындардың тағдыры не болатынын талқылап жатқанын хабарлады.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1b/24480683_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6e8c18a6a4bc25d38a69ce27d08e0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. АҚШ азаматы Стивен Забельски Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды
РИА Новости Washington Post газетіне сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары жергілікті басылымдардың бірінде некролог жазып, Американың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Мемлекеттік департамент те растады. "Осылайша, ол кем дегенде осы соғыста қаза тапқан екінші Америка азаматы болды", - деп жазады Washington Post.
Марқұмның туыстары жергілікті басылымдардың бірінде некролог жазды, сондай-ақ америкалықтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Мемлекеттік департамент те растады. "Осылайша, ол кем дегенде осы соғыста қаза тапқан екінші Америка азаматы болды", - деп жазады Washington Post.
Газеттің хабарлауынша, Украинада қайтыс болған алғашқы америкалық Вилли Джозеф Кансел болды. Оның көз жұмғаны туралы маусымның басында белгілі болды, деп жазады WP.
Басылым 52 жастағы Забельскидің Нью-Йорк штатының тумасы екенін жазды. Ол 15 мамырда Дорожнянка ауылы маңындағы ұрыс кезінде қаза тапты. Үйінде ер адамның артында әйелі мен асырап алған бес баласы қалды.
Мемлекеттік департаменттегі дереккөздің газетке хабарлауынша, оқиғадан кейін департамент марқұмның отбасымен байланысқа шығып, "барлық қажетті консулдық көмек" көрсеткен. Алайда ақпарат ұсынған азамат "осындай қиын уақытта отбасына құрметпен қарауды жөн көріп", бұл іске қатысты толығырақ мәлімет беруден бас тартты.
Бұған дейін Telegraph британ басылымы ресейлік әскерилер Харьков маңында Киев жағында соғысқан екі америкалық жалдамалы жауынгерді қолға түсіргенін хабарлаған. Газеттің хабарлауынша, 39 жастағы Александр Дрюке мен 27 жастағы Энди Хюйн ресейлік әскерилердің тұтқынына түскен алғашқы америкалықтар болып саналады. Мемлекеттік департамент америкалықтардың тұтқынға алынғаны туралы расталмаған ақпарат бар екенін және олардың отбасыларымен, Украина билігімен және Қызыл Крестп ұйымымен тығыз байланыста тұтқындардың тағдыры не болатынын талқылап жатқанын хабарлады.