Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2022
Жазылу
Апат болған жерде 36 жастағы екінші жүргізуші көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Алматы маңында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқытығысты. Жол апаты салдарынан 36 жастағы ер адам қайтыс болды. Сонымен қатар 11 адам ауруханаға жеткізілді.
Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша жол апаты 21 маусымда түнде Жамбыл ауданының Жаңақұрылыс ауылы жанында болған.
Анықталғандай Van Hool автобусының рөлінде 43 жастағы Түркістан облысының тұрғыны отырған. Ол Алматы-Бішкек жолының 55 шақырымында рөлге ие бола алмай қарсы бағытта келе жатқан "Камазбен" соқтығысты.
Апат болған жерде 36 жастағы екінші жүргізуші көз жұмды. 11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі бала.
Жаңалықтар
0